САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия мен мұсылман елдер Израильдің шешімін айыптады
Сегіз сыртқы істер министрі бірлескен декларацияда Израильдің Палестина жерінде бақылауды нығайту үшін заңсыз шара қолданғанын мәлімдеді.
Түркия мен мұсылман елдер Израильдің  шешімін айыптады
Түркия мен мұсылман елдер Израильдің шешімін айыптады / Reuters
18 Ақпан 2026

Түркия, Мысыр, Иордания, Индонезия, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлері сейсенбі күні бірлескен мәлімдеме жариялады. Олар  Израильдің басып алынған Батыс Шериядағы кең аумақты «мемлекеттік жер» деп жариялау туралы шешімін айыптады. Министрлер бұл қадамның халықаралық құқықты бұзатынын және бейбітшілік үміттеріне нұқсан келтіретін елеулі шиеленіс екенін білдірді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі жариялаған ресми мәлімдемеге қарағанда, сегіз елдің сыртқы істер министрлері Израильдің басып алынған Батыс Шериядағы ауқымды жерлерде меншік құқығын тіркеу және қоныстандыру процедураларын мақұлдауын сынға алды. Мұндай тәжірибе 1967 жылдан бері алғаш рет қолданылып отыр.

Министрлер бұл қадамның заңсыз екенін және елді мекендердің кеңеюі мен жерді басып алуды тездететінін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Израильдің Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады

Бірлескен мәлімдемеде: «Аталған заңсыз қадам қоныстандыру әрекеттерін жеделдетуді, жерді басып алуды, Израильдің іс жүзіндегі бақылауын нығайтуды және басып алынған Палестина территорияларында Израильдің заңсыз егемендігін орнатуды көздейтін қауіпті шиеленіс болып табылады және Палестина халқының заңды құқықтарына нұқсан келтіреді», — делінген.

Халықаралық құқыққа қайшы

Бірлескен мәлімдемеге қол қойған министрлер бұл әрекеттердің халықаралық құқықты, әсіресе Төртінші Женева конвенциясын, халықаралық гуманитарлық құқықты және Біріккен Ұлттар Үйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын, атап айтқанда 2334 (2016) қарарын бұзушылық екенін растады.

Сондай-ақ мәлімдемеде Халықаралық Соттың консультативтік қорытындысына сілтеме жасалып, бұл шараның басып алынған Палестина жерлерінің құқықтық, тарихи және демографиялық мәртебесін өзгертуге бағытталған әрекеттердің заңсыздығы, басып алуды тоқтату міндеттемесі және күш қолдану арқылы жерді иемденуге тыйым салу туралы ұстанымдарымен қайшы келетіні айтылды.

Министрлер басып алынған Палестина территорияларының құқықтық, демографиялық және тарихи мәртебесін өзгертуге бағытталған кез келген біржақты әрекетті айыптайтындарын қайталап, халықаралық қауымдастықты заң бұзушылықтарды тоқтатуға және Палестина құқықтарын қорғау үшін «айқын әрі батыл қадам» жасауға шақырды.

Іздеу
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Иран америкалық әскерлерді тұтқындағанын мәлімдеді