САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
ЕО-ның Жоғарғы өкілі Каллас Брюссельде өткен Еуропалық одақ сыртқы істер министрлерінің отырысы алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
ЕО-ның Жоғарғы өкілі Кая Каллас. / AP

ЕО-ның Жоғарғы өкілі Каллас Брюссельде өткен Еуропалық одақ сыртқы істер министрлерінің отырысы алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

ЕО көшбасшыларының 13 қарашада Еуропаның келіссөздерге қатысу форматын айқындағанын еске салған Каллас сыртқы істер министрлерімен бірге келіссөздердің мазмұнын айқындау жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ресейдің 2021 жылы, соғыс басталғанға дейін өз талаптарының тізімін ұсынғанын және Мәскеудің қазір сол талаптарды қайта көтеріп, оларға жаңаларын қосып отырғанын айтқан Каллас: «Бұл – соғысты жалғастырудың ашық сылтауы. Біз жағдайды нақты бағалауымыз керек” – деді.

Каллас Ресейдің ең жоғары талаптарына жауап ретінде ЕО ұсынатын ең жоғары талаптарды министрлермен талқылайтынын айтып, алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады

Еуропада қазіргі уақытта қалыптасқан қауіпсіздік жүйесі бар екеніне назар аударған Каллас Ресейдің Хельсинки қорытынды актісі мен Будапешт меморандумын қоса алғанда көптеген келісім арқылы бұл жүйені мойындағанын айтты.

Каллас мәселенің Ресейдің келісімдерді орындамауында екенін атап өтіп, «Сондықтан біз Ресей тарапынан осы келісімдерді орындайтынын көрсететін нақты қадамдарды көруіміз керек», – деді.

Атысты тоқтату басымдық болуы керектігін атап өткен Каллас: «Бізге ең алдымен атысты тоқтату қажет. Басқа кез келген мәселені талқылауды бастау үшін алдымен атыс тоқтатылуы тиіс», – деді.

Ресейдің еуропалықтар өздеріне әлі ешқандай ұсыныс жасамағанын алға тартып отырғанын айтқан Каллас: «Кенеттен оларға бірдеңе ұсыну біздің міндетіміз сияқты болып шықты. Алайда соғысты бастаған – олар. Басқыншы тарап – олар және зардап шеккен тарап бар», – деді.

Каллас ЕО талаптарының қатарында Ресей армиясын басқа елдердің аумағынан шығару мәселесі де бар екенін айтты.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды