САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Демократтар президент Трампты айыптады
Демократ сенатор Крис Ван Холлен АҚШ президенті Дональд Трампты Тегеранмен келіссөз жүргізілгені туралы өтірік айтты деп айыптады.
Демократтар президент Трампты айыптады
Тегеран қаласында 2026 жылы 23 наурызда АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы кезінде зақымданған тұрғын үй [Мұрағаттық сурет]. / Reuters

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы төртінші аптасына аяқ басқан шақта демократ сенатор Крис Ван Холлен АҚШ президенті Дональд Трампты Тегеранмен келіссөз жүргізілгені туралы өтірік айтты деп айыптады.

CNN арнасына берген сұхбатында Ван Холлен Трамптың Иран келіссөздерге қатысып жатыр және қақтығысты тоқтату үшін АҚШ-тың барлық талапты қабылдауға дайын деген мәлімдемелерді жалған деп атады.

Сенатор: «Өкінішке қарай, Дональд Трамптың басынан бері америкалықтарға өтірік айтқанын және әлі де өтірік айтып келе жатқанын ұқтық», — деді.

Трамп сөз еткен даулы «келіссөздер» соғысты тоқтатуға бағытталған құпия байланыстарға қатысты болды. Олардың ішінде Иранның уран байытуды тоқтатуы, байытылған уран қорларын жоюы және Ормуз бұғазын халықаралық мұнай тасымалы үшін қайта ашуы жөніндегі талап бар еді.

Ван Холлен сондай-ақ АҚШ-тың Иранның энергетикалық инфрақұрылымына жасауы мүмкін кез келген шабуылы, соның ішінде Иранның негізгі мұнай экспорт терминалы саналатын Харг аралын нысанаға алу жоспарлары да, бәлкім, «соғыс қылмысы» болып саналуы мүмкін екенін ескертті.

Трамп дүйсенбі күні Truth Social желісінде жариялаған жазбасында Иранмен келіссөздер «өте жақсы» әрі «тиімді» жүріп жатқанын айтып, Иранның электр станцияларына және энергетикалық инфрақұрылымына шабуылдарға бес күндік үзіліс жарияланғанын хабарлаған болатын.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Багер Галибаф та, Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаеи де Трамптың мәлімдемелерін қабылдамай, тікелей де, жанама да ешқандай келіссөз болмағанын айтқан болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранның электр станцияларына қарсы әскери операцияны кейінге қалдырды
Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты