ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль атысты тоқтату режимін қайта бұзды
Израиль 2024 жылдың қарашасында қабылданған атысты тоқтату режимін бұзды.
Израиль атысты тоқтату режимін қайта бұзды
Израиль атысты тоқтату режимін қайта бұзды / AA

Израиль 2024 жылдың қарашасында қабылданған атысты тоқтату келісімін тағы да бұзып, Ливанның оңтүстігіне әуе соққысын жасады. Бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдың дүйсенбі күні Тир қаласында болғанын хабарлады.

Министрлікке қарасты Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталық мәлімдемесінде шабуыл салдарынан бір адамның қаза тауып, екі адамның жараланғанын айтты.

Ливанға қарасты Ұлттық ақпарат агенттігі (NNA) Израильге тиесілі ұшқышсыз әуе аппаратының Тир қаласында бір автокөлікті нысанаға алғанын хабарлады. Агенттік сондай-ақ Израиль ұшқышсыз әуе аппаратының Ливанның оңтүстігіндегі Захрани мен Бисария аймақтарының үстінде ұшқанын, ал тағы бір әуе аппаратының Адисса-Маркаба жолы бойындағы мәрмәр зауытына дыбыс бомбасын тастағанын мәлімдеді.

Кейінірек Хезболла тобы Тирдегі шабуылда көлігінің нысанаға алынғанын мәлімдеп, «Al-Manar» телеарнасының тілшісі Али Нур әд-Диннің қаза тапқанын хабарлады. Хезболла мәлімдемесінде «Бұл қастандық медиа саласының барлық түріне шабуылдың жалғасатынын көрсетеді. Израильдің журналист Нур әд-Динге қарсы жасаған қылмысын қатаң айыптаймыз», - делінген.

Басқа бір хабарда «NNA» Израиль танкісінің Ливанның оңтүстігіндегі Бинт-Джбейль аймағында орналасқан Айтарун елді мекенінің шетіндегі бір үйді нысанаға алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ агенттік Айтарун шетіндегі Хрейка аймағының Джабаль әл-Батта жаңадан құрылған Израиль әскери бекетінен атылған бірнеше миномет оғымен атқыланғанын жеткізді.

ҚатыстыИзраиль Ливанның оңтүстігіне әуеден шабуылдады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Израиль атысты тоқтату режимін бұзу барысында жүздеген ливандықтың өліміне себеп болды. Ливандық ресми тұлғалардың мәліметінше, Израиль 2023 жылдың қазанында Ливанға қарсы әскери шабуыл бастап, 2024 жылдың қыркүйегінде мұны соғысқа айналдырды. Бұл қақтығыстарда 4 мыңнан астам адам қаза тауып, шамамен 17 мың адам жарақат алды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан президенті Израильді айыптады
Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді