ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Емине Ердоған Сеулде Юнус Эмре институтын ашты
Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Сеулдегі Юнус Эмре институтының мәдени орталығының ресми ашылу салтанатын өткізді.
Емине Ердоған Сеулде Юнус Эмре институтын ашты
Емине Ердоған Сеулде Юнус Эмре институтын ашты

Президент Ердоғанның Сеулге сапарына серік болған Емине Ердоған Юнус Эмре Институтының Сеулдегі мәдени орталығының беташарына келіп, оны Юнус Эмре институтының төрағасы проф. др. Селим Аргун, Мәдениет департаментінің басшысы Али Рыза Карабағ және басқа да лауазымды тұлғалар қарсы алды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті

Мәдени орталықтың бетін ашқан Емине Ердоған кейін кореялық студенттерге түрік тілі үйретілетін сыныпқа өтіп, білім алушылармен сұхбаттасты.

Екі кореялық студенттің түрік тіліндегі диалогын тыңдаған Емине Ердоған олардың сөйлесу мәнеріне ризашылық білдіріп, қол шапалақтап құттықтады.

Халықтар арасындағы көпір ретіндегі тіл мен мәдениет

Емине Ердоған түрік тілін үйреніп жатқан кореялық студенттердің Түркия мен Оңтүстік Корея арасындағы елшілер болатынын айтты.

Емине Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шараға қатысты жасаған жазбасында мынадай пікір білдірді:

«Мәдениеттер арасында көпір орнатқан Юнус Эмре институтымыздың Оңтүстік Кореяда жүзеге асырған Сеул Юнус Эмре түрік мәдени орталығы дос екі ел үшін қайырлы болсын деп тілеймін. Түрік тілімізге ықылас танытқан студенттерімізбен жүздесу, тіліміз пен мәдениетіміздің шалғай жерлерде қандай ғажайып үн үндестігін тапқанына куә болу — өте құнды. Юнус Эмре институтымыз өркениеттік мұрамызды әлемге таныта отырып, адамдарды тек бөлек тілмен ғана емес, басқаша өмірлермен және ой-пікірлермен де таныстырады. Өйткені бір-бірінің тілін үйренетін, тарихын тыңдайтын және құндылықтарын бағалайтын адамдар арасында орнаған жақындық — елдер арасындағы достықтың да ең берік іргетасы. Осы түсінікпен әлемнің төрт бұрышында жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген Юнус Эмре институтымыздың барша қызметкеріне шын жүректен алғыс айтамын».

Институт курстар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады

Түрік тілін, мәдениетін, өнерін және өркениеттік мұрасын әлемге танытуды, қоғамдар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтуды мақсат ететін Юнус Эмре институты Сеулдегі мәдени орталығы арқылы Түркия мен Корея Республикасы арасындағы тарихи достық пен бауырластық қатынастардың мәдениет, өнер және білім салаларында дамуына үлес қосуда.

Бұған дейін Ханкук шетел тілдері университеті (HUFS) жанында өз қызметін атқарып келген орталық 2025 жылы Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан дипломатиялық мәдени орталық мәртебесінде танылды.

Емине Ердоған ресми түрде ашқан мәдени орталық 2024 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Түрік тілін үйретумен қатар студенттерді Түркияға жіберу, түрік тағамдары курстары, дәстүрлі қолөнер шеберлік сабақтары және түрлі мәдени-өнер іс-шаралары арқылы кореялық қатысушылардың Түркияны және түрік мәдениетін жақыннан тануына мүмкіндік беретін мәдени орталықта 21 тыңдаушы түрік тілі білімін алуда.

Іздеу
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Президент Ердоған Сеулге барды
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Емине Ердоған Имам Бұхари кесенесіне барды
Стамбулда «R4» елдерінің сыртқы істер министрлерінің жиыны басталды
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын