Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде технология, электроника, биотехнология және химия салаларында жұмыс істейтін компаниялардың басшыларымен кездесті.
Президент Ердоған “LG Electronics” компаниясының бас атқарушы директоры (CEO) Лю Дже Чхоль, “Celltrion” компаниясының бас атқарушы директоры Со Джин Сок, “SK Chemicals” және “SK Plasma” компанияларының бас атқарушы директоры Ан Дже Хён, сондай-ақ “Hyundai Motor Group” компаниясының бас атқарушы директоры Чон Ый Сон және делегацияларымен кездесті.
Сапар аясында Президент Ердоған “Samsung” компаниясының бас атқарушы директоры Ро Тхэ Мун, “Chemtronics Wits” компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ким Бок Гюн, сондай-ақ “Korea Electric Power Corporation” (KEPCO) компаниясының вице-президенті әрі жаһандық жаңа бизнес бағыттарының жетекшісі Чон Чхан Хёк және делегацияларымен кездесті.























