САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Тараптар кездесудің оң нәтижелі өткенін мәлімдеді.
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті / Reuters (Wire)

Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков президент Владимир Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен кездескенін білдірді.  Ол кездесуде  Украина дағдарысын реттеуге бағытталған келіссөздер процесін жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.

Юрий Ушаков астана Мәскеуде журналистерге жасаған мәлімдемесінде Путиннің Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен кездесуіне баға берді.

Кездесудің мазмұнды, сындарлы әрі пайдалы болғанын атап өткен Ушаков былай деді:

«Путин Украинадағы соғыстан кейін Еуропада қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру аясында Ресей мен Украинаның қауіпсіздік мәселелеріне шешім табуға бағытталған америкалық бастаманы қолдады. Қолданыстағы жүйенің жұмыс істемей тұрғаны анық. Еуропалық өкілдер де бөлінбейтін қауіпсіздік пен бейбітшілікке негізделген жаңа, ұзақ мерзімді жүйенің параметрлерін айқындау жөніндегі жұмыстарды қолдайды деп үміттенеміз. Біз америкалық өкілдермен осы мәселе бойынша жұмысты дереу бастауға дайынбыз».

Кездесуде Ресейдің АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдіктерін беруге бағытталған 2021 жылғы келісім жобаларын ұсынғанын айтқан Ушаков бұл жобаларда НАТО-ның кеңеймеуі, Ресей шекараларына қауіп төндіретін қару-жарақ жүйелерінің орналастырылмауы және альянс күштерін орналастыру тәртібінің Ресей-НАТО Негіздемелік актісіне қол қойылған кезеңге сәйкес белгіленуі көзделгенін еске салды.

Ушаков: «Аталған тармақтарға кейбір жаңа идеяларды да қосқымыз келеді. Өйткені Киев билігін құтқару үшін Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшыратқысы келетін Батыс бүгінде бізге қарсы әрекет етуде», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Ресей астанасы Мәскеудегі Внуково әуежайында баспасөз өкілдеріне сұхбат берген Уиткофф: «Ешкім үшжақты (АҚШ-Ресей-Украина) келіссөздерді қайта бастаймыз деп ойламаған еді. Біз оны қайта бастадық. Жаңа кездесу күнін белгіледік», – деді.

Келесі келіссөздерге еуропалық өкілдердің де қатысатынын растаған Уиткофф мұның маңызды екенін айтты.

Трамптың күйеу баласы әрі арнайы өкілі Джаред Кушнер де: «Жалпы алғанда, барлық мәселе бойынша барынша ауқымды әрі егжей-тегжейлі кездесу өткіздік деп ойлаймын. Бұл кездесулер алдағы уақытта өтетін көпжақты келіссөздерге өз септігін тигізеді деп үміттенемін», – деді.

АҚШ өкілдерінің Ирландияның Дублин қаласына барып, онда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, оған Мәскеудегі жиын туралы ақпарат беретіні күтілуде.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»