ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Әлемдегі ең ірі «Нөлдік қалдық» форумы Стамбулда өтеді
Тұрақты даму, климаттық дипломатия және ресурстарды тиімді пайдалану бағыттарындағы жаһандық өзгерістерді талқылайтын ең ауқымды «Нөлдік қалдық» форумы 5–7 маусым күндері Стамбулдың Ататүрік әуежайында өтеді.
Әлемдегі ең ірі «Нөлдік қалдық» форумы Стамбулда өтеді
Әлемдегі ең ірі «Нөлдік қалдық» форумы Стамбулда өтеді

«Нөлдік қалдық» қорының мәлімдеуінше, аталған форум 1–7 маусым аралығындағы «Нөлдік қалдық» апталығы аясында өтпек.

«Нөлдік қалдық» қозғалысының негізін қалаушы, БҰҰ-ның «Нөлдік қалдық» мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі тұлғалар кеңесінің төрайымы әрі «Нөлдік қалдық» қорының құрметті президенті Емине Ердоғанның бастамасымен отандық және халықаралық деңгейде қызметін жалғастырып келе жатқан қор биыл екінші рет «Нөлдік қалдық» форумын Ататүрік әуежайында өткізеді.

Қордың және БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өтетін форум  ̶ ауқымы, дипломатиялық ықпалы және жаһандық деңгейде саясат қалыптастыруға қосатын үлесі тұрғысынан әлемдегі ең ірі азаматтық экология және нөлдік қалдық платформаларының бірі.

Форумға 180-нен астам елден 5 мыңнан аса жоғары деңгейлі қатысушы, 120-дан астам министр және 200-ге жуық қала әкімі қатысады. Іс-шара аясында тұрақты даму, климат дағдарысымен күрес, айналмалы экономика және нөлдік қалдық саясаты тақырыптарына арналған отырыстар өтеді.

Министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жергілікті басқару органдары, ғалымдар, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысатын бұл іс-шара  ̶  көпжақты экологиялық дипломатиядағы ең маңызды кездесулердің бірі.

БҰҰ-ның барлық құрылымы  ̶ «Нөлдік қалдық» форумының негізгі серіктесі

«Нөлдік қалдық» қорының төрағасы Самед Агырбаш алдағы іс-шара туралы былай деді: «БҰҰ-ның барлық құрылымы, Дүниежүзілік банк, Гарвард, Оксфорд және Йель университеттері – «Нөлдік қалдық» форумының негізгі серіктестері».

Агырбаш өткен жылы БҰҰ-ның Климат жөніндегі конференциясына 72 министр қатысқанын еске салып, азаматтық бастама ретінде ұйымдастырылатын «Нөлдік қалдық» форумына 120-дан астам министрдің келуі Стамбулдың халықаралық маңызы зор орталыққа айналу жолында қарқынды ілгерілеп келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

Дүниежүзілік банк «Нөлдік қалдық» форумына 30 адамнан тұратын делегациямен қатысады

Төраға Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік экономикалық форумның да «Нөлдік қалдық» форумына қатысатынын атап өтіп, «Дүниежүзілік банк «Нөлдік қалдық» форумына 30 адамнан тұратын делегациямен келеді. Дүниежүзілік банк президенті осы уақытқа дейін ешбір жиынға 30 адамдық делегация жібермегенін жеткізді. Форумға сегіз бұрынғы мемлекет басшысы қатысады. Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумды бәріміз білеміз. Дүниежүзілік экономикалық форум да «Нөлдік қалдық» форумының негізгі серіктестерінің бірі. Әлемде Дүниежүзілік экономикалық форум серіктес ретінде қатысатын мұндай екінші форум жоқ», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Халықаралық нөлдік қалдық форумы Стамбулда өтеді
Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды