САЯСАТ
2 минут оқылды
Германия Түркияны стратегиялық серіктес ретінде көреді
Германия Сыртқы істер министрі бір күндік ресми сапар аясында Анкараға келіп, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен маңызды халықаралық және өңірлік мәселелерді қамтитын келіссөздер жүргізеді.
Германия Түркияны стратегиялық серіктес ретінде көреді
Германия Түркияны стратегиялық серіктес ретінде көреді / AP
17 Қазан 2025

Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль жұма күні Анкараға ресми сапары қарсаңында берген сұхбатында Германияның Түркияны НАТО аясында «стратегиялық әріптес» ретінде көретінін және сыртқы саясат саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетке ие екенін айтты.

Вадефульдің бір күндік Анкара сапары барысында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен халықаралық және өңірлік маңызды мәселелер бойынша кең көлемді келіссөздер жүргізуі күтілуде. Кездесуде екіжақты қатынастар, Түркия–ЕО байланыстарының қазіргі жағдайы, қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық және НАТО мәселелері талқыланбақ.

Берлинде журналистерге мәлімдеме жасаған Вадефуль Анкарадағы келіссөздердің Таяу Шығыстағы оқиғаларды, Газа бітімін, Сирияның саяси өтпелі кезеңін, Ресей–Украина қақтығысын және өзге де сыртқы саясат тақырыптарын қамтитынын атап өтті.

Таяу Шығыстағы қақтығыс туралы сөз еткен Вадефуль АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарына негізделген Хамас–Израиль бітіміне сілтеме жасап, «Түркия тарихи Газа бітіміне араағайын болып, маңызды үлес қосты», -  деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлем көшбасшылары Трамптың Газадағы бітім жоспарын құптады

Германия Сыртқы істер министрі сондай-ақ: «Тұтқындардың босатылуы және бітімнің жүзеге асуымен бірге, бірнеше апта бұрын мүмкін емес болған көптеген нәрсе орындалды, бірақ Газа халқы үшін қауіпсіз болашақ құру жұмыстары енді ғана басталды», – деді.

Ол гуманитарлық ұйымдардың ең ауыр қиындықтарды жеңілдету үшін жұмыс істеп жатқанын және ұзақ мерзімді бейбітшілік үшін 20 тармақтық жоспардың толық орындалуын бірлесе қамтамасыз етуге тырысатынын айтты.

Вадефуль сөзінің соңында: «Түркия – НАТО одағындағы біздің негізгі стратегиялық серіктесіміз», – деп атап өтіп, түрік әріптесімен өтетін келіссөздердің аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ Ресей–Украина соғысындағы соңғы оқиғаларды қамтитынын жеткізді.

Ол сондай-ақ: «Біздің ортақ мақсатымыз – бұл соғысты мүмкіндігінше тез аяқтау. Осы мақсатта Ресейдің соғысқа пайдаланатын қаржы көздерін жылдам тоқтатуымыз керек. Монтрё конвенциясының сақтаушысы ретінде Түркия Қаратеңізге кіру мәселесінде тікелей жауапкершілікке ие. Стамбул келіссөздер үшін маңызды орын», – деді.

Сонымен қатар Германия Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайтуды көздейтін Еуропалық Одақтың 150 миллиард еуролық «Еуропа қауіпсіздігіне арналған іс-қимыл бағдарламасына» (SAFE) қатысуын қолдайтынын растады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Түркияның бағдарламаға қосылуына қарсы екенін мәлімдеген болатын, алайда Вадефуль Мицотакисті кедергі келтірмеуге шақырды.

«SAFE» бағдарламасы аясында несие алуға өтінім берудің мерзімі 30 қарашаға дейін жалғасады, ал Мицотакис бұған дейін Копенгагенде өткен Еуропалық саяси қауымдастық саммиті шеңберінде Германия канцлері Фридрих Мерц және Түркияның қатысуын қолдаған НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездескен болатын.

Іздеу
Бейжің  Қытай компанияларына салынған санкцияларды 'дереу' алып тастауға шақырды
Ресей Асадты экстрадициялау тақырыбында үнсіз қалды
БҰҰ Пәкістан мен Ауғанстанға үндеу жасады
Газада 650 мыңнан астам бала мектепке бара алмай отыр
Африка одағы Мадагаскардың мүшелігін тоқтатты
Израиль Қорғаныс министрі геноцидті қайта бастайтынын айтып, сес көрсетті
Украина АҚШ президентімен кездесуге дайын
Түркия мен Индонезия Анкара форумында стратегиялық байланыстарын тереңдетті
Путин мен Шара Мәскеуде кездесті
Израиль армиясы 4 тұтқынның мәйітінің Қызыл Крестке тапсырылғанын хабарлады
Израиль Рафах өткелін қайта ашты
Иран АҚШ-ты «терроризмнің ең ірі демеушісі» деп атады
Дональд Трамп президент Ердоғанның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға көмектесе алатынын айтты
Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"
Израиль бітім келісімі аясында палестиналық тұтқындарды босата бастады
“Бейбітшілік саммиті” Шарм-эль-Шейхте