САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді
Мәскеу Трамп ұсынған бейбітшілік органының БҰҰ-ны айналып өтіп, Қауіпсіздік Кеңесінің жаһандық қақтығыстарды реттеудегі негізгі рөліне нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескертуде.
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді
Ресей Бейбітшілік Кеңесінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен қалай үйлесетініне күмән білдірді.. / Reuters

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан бері халықаралық ұжымдық бейбітшіліктің өзегі болып келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мен АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің өзара қалай ықпалдасатынына қатысты күмән білдіруде.

Трамп бұл кеңесті алғаш рет қыркүйек айында Израильдің Газадағы соғысын тоқтатуға бағытталған жоспарын таныстырған кезде ұсынған болатын. Кейінірек ол Кеңестің мандаты жаһандық ауқымдағы өзге де қақтығыстарды қамтитындай етіп кеңейтілетінін мәлімдеді. Мұндай бастамалар дәстүрлі түрде БҰҰ аясында жүзеге асырылып келген.

Қазіргі таңда Трамптың бастамасына қатысып отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жалғыз тұрақты мүшесі — АҚШ. Ал қалған тұрақты мүшелер (Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция) Бейбітшілік кеңесінің құрамына кірмейді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Кирилл Логвинов бейсенбі күні ТАСС агенттігіне берген сұхбатында: «Бейбітшілік кеңесінің жарғысында ол “көп жағдайда тиімсіздігі дәлелденген тетіктердің” орнын басуға арналған жаңа халықаралық құрылым ретінде сипатталады», - деді.

Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Логвинов кеңестің мандаттық құжатында Газаның аты мүлде аталмайтынын да атап өтті.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл Бейбітшілік кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жалғыз мойындалған құрылым — БҰҰ және оның Қауіпсіздік Кеңесімен қалай қатар жұмыс істейтіні жөнінде орынды сауал туғызады.

Сондай-ақ Логвинов Ресей тарапының БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің әзірге кеңес отырыстарына шақырылмағанын байқағанын қайталап айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Бейбітшілік кеңесі Газамен шектелмеуі мүмкін”
Іздеу
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды