ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Дания азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салды
Дания өткен апта әуе кеңістігінде белгісіз ұшқышсыз әуе аппараттары байқалғаннан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті. Ресейдің ықтимал рөлі тексерілуде.
Дания азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салды
Дания азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салды / AP

2 қазан күні Копенгагенде жоспарланған Еуропалық саяси қауымдастықтың жетінші саммиті алдында Дания ел аумағында барлық азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салуда. Көлік министрлігі бұл шешімнің қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын хабарлады.

22 қыркүйектен бері Данияда бірнеше белгісіз ұшқышсыз әуе аппаратының көрінуі бірнеше әуежайдың жабылуына себеп болды. Дания билігі бұл оқиғаларға Ресейдің қатысы барын меңзеді, алайда Мәскеу айыптауларды жоққа шығарды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Копенгаген әуежайындағы дрон оқиғасы: Дания Премьер-министрі мәлімдеде жасады

Көлік министрі Томас Даниельсен мәлімдемесінде: «Дания алдағы апта ЕО көшбасшыларын қабылдайды, сондықтан қауіпсіздікке ерекше назар аударамыз. Дүйсенбіден жұмаға дейін барлық азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының Дания әуе кеңістігінде ұшуына тыйым саламыз. Осылайша белгісіз әуе аппараттарының заңды әуе аппараттармен шатастырылу қаупін жоямыз», - деді.

Тыйым қауіпсіздік органдарына қолдау көрсетеді

Әділет министрі Питер Хуммельгорд осы мәлімдемеде тыйымның мақсаты полиция
мен өзге де органдардың жұмысын жеңілдету екенін айтты.

Хуммельгорд: «Полиция жоғары дайындық жағдайында, ал біздің қауіпсіздік органдарымыз күштерін ел халқы мен қонақтарымызға жұмсауы тиіс», - деді.
Министрдің айтуынша, бұл шектеу полицияның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қауіп төндірмейтін азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарымен айналысуына жол бермейді.

Дания полициясы сенбі күні жасаған мәлімдемесінде, халықтан 500-ден астам ұшқышсыз әуе аппаратының ұшырылуы туралы хабарлама алғандарын, бірақ олардың басым бөлігі айтарлықтай маңызды болмағанын жеткізді.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды