ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль армиясы 4 тұтқынның мәйітінің Қызыл Крестке тапсырылғанын хабарлады
Армияның мәлімдеуінше Газадағы бітім келісімі аясында израильдік тұтқындардың мәйіттері қойылған төрт табыт Қызыл Крестке тапсырылған.
Израиль армиясы 4 тұтқынның мәйітінің Қызыл Крестке тапсырылғанын хабарлады
Израиль армиясы 4 тұтқынның мәйітінің Қызыл Крестке тапсырылғанын хабарлады / Reuters

Израиль армиясы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Газада төрт израильдік тұтқынның мәйітін қабылдап, оларды Израиль күштеріне жеткізгенін хабарлады. Израиль армиясының мәлімдемесінде: «Қызыл Крест ұсынған мәліметке сәйкес, төрт табыттағы тұтқындардың мәйіті қабылданып, Израиль армиясы мен қауіпсіздік агенттігіне жөнелтілді», - делінген.

Бұған дейін армия Қызыл Кресттің бірнеше израильдік тұтқынның мәйітін алу үшін Газаның солтүстігінде белгіленген орынға бет алғанын хабарлаған болатын. Палестиналық тарап дүйсенбі күні Газадағы бітім келісімі аясында төрт израильдік тұтқынның мәйітін тапсырды. Сондай-ақ ХАМАС бітім келісімінің алғашқы кезеңі бойынша дүйсенбі күні таңертең шамамен 2000 палестиналық тұтқынға айырбас ретінде 20 тірі израильдік тұтқынды босатты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль бітім келісімі аясында палестиналық тұтқындарды босата бастады

Өткен апта АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС-тың 29 қыркүйекте жарияланған жоспардың алғашқы кезеңін қабылдағанын мәлімдеген болатын. Бұл жоспар Газада бітім орнату, тұтқын алмасу және Израиль армиясын аймақтан біртіндеп шығару тармақтарын қамтиды. Жоспардың алғашқы кезеңі жұма күні күшіне енді.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, екінші кезеңде Газада жаңа басқару жүйесін құру, көпұлтты қауіпсіздік күшін қалыптастыру және ХАМАС-ты қарусыздандыру көзделген. Қызыл Крест әзірге мәйіттердің қабылданғанын растайтын мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл тұтқын алмасу Катар мен Мысырдың араағайындығымен бірнеше апта бойы жүргізілген қарқынды келіссөздер нәтижесінде жүзеге асты, ал Вашингтон бітімнің алғашқы кезеңінен кейін бітім келісімін кеңейтуге бағытталған келіссөздерге қатысуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды

Израиль армиясы мәйіттер отбасыларына тапсырылмас бұрын сәйкестендіру рәсімдері жүргізілетінін атап өтті.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты