ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасындағы тұтқын алмасудан кейін бітім жөніндегі декларацияға аймақ елдерінің басшыларымен бірге қол қою рәсімін «Таяу Шығыс үшін ұлы күн» деп атады.
Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды
Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ бітім келісіміне қол қойды / Reuters

Мысыр, Катар және Түркия АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге Газа бітім келісіміне байланысты құжатқа қол қойды.

Дүйсенбі күні Мысырдың Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм-эль-Шейх қаласында өткен халықаралық саммит барысында құжатқа қол қойылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Бейбітшілік саммиті” Шарм-эль-Шейхте

Трамп Израиль мен ХАМАС тұтқын алмасуынан бірнеше сағат өткен соң, Газадағы атысты тоқтатуды нығайтуға бағытталған декларацияның қабылдануын «Таяу Шығыс үшін ұлы күн» деп атады.

Саммитке қатысқан жиырмадан астам ел басшысының алдында сөз сөйлеген Трамп: «Әлем үшін ұлы күн, Таяу Шығыс үшін ұлы күн», - деді. Құжатқа қол қоймас бұрын Трамп: «Бұл құжат ережелерді, тәртіптерді және басқа да көптеген жайттарды анықтайды», -  деді. Сондай-ақ екі рет: «Бұл құжат өз күшін сақтайды», - деді.

Газа қаласын қайта жаңғырту конференциясы

Мысыр президенті Абдул Фаттах әл-Сиси Газаны қайта қалпына келтіру жөніндегі конференцияның Мысырда өтетінін мәлімдеді. Ол: «Мысыр алдағы күндері серіктестермен үйлестіру негізінде АҚШ-пен бірлесіп, Газаны қайта қалпына келтірудің іргетасын қалайды. Қалпына келтіру, қайта құру және даму жөнінде конференция өткізуді жоспарлап жатырмыз», - деді.

Сиси сондай-ақ Газа жөніндегі келісімнің адамзат тарихындағы ауыр кезеңді аяқтағанын және Таяу Шығыс үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың жаңа дәуірін бастағанын атап өтті. Ол бұл келісімді екі мемлекет негізіндегі шешімге жол ашқан тарихи күн деп сипаттады.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды