САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Нью-Йорктың жаңа мэрі- Зохран Мамдани
Угандалық үнді отбасынан шыққан және жеті жасында Нью-Йоркке көшіп келген Зохран Мамдани қала тарихындағы алғашқы мұсылман, әрі Оңтүстік Азия текті мэр атанды.
Нью-Йорктың жаңа мэрі- Зохран Мамдани
34 жастағы Мамдани Уганданың Кампала қаласында үнді отбасында дүниеге келіп, жеті жасынан бері Нью-Йорк қаласында өскен. / Reuters

Нью-Йорк сайлаушылары жас мұсылман және демократиялық «социалист» Зохран Мамданиді мэр ретінде таңдап, АҚШ саясатын айтарлықтай өзгертті. Бұл сайлау нәтижесі Дональд Трамптың екінші президенттік кезеңіне қатысты американдықтардың жергілікті деңгейдегі алғашқы нақты саяси ұстанымы ретінде бағаланды.

Мамдани Демократиялық партияның алдын ала сайлауында жеңіліп қалғаннан кейін тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан бұрынғы штат губернаторы Эндрю Куомоны жеңіп шықты. Ал республикалық үміткер, қылмысқа қарсы күрес ұйымы “Guardian Angels”-тің негізін қалаушы Кёртис Слива үшінші орынды иеленді.

Жеңісінен кейін Мамдани “X” желісінде: «Келесі және соңғы аялдама — қала әкімдігі», -  деді.

34 жастағы Мамдани өзін социалист ретінде таныстырады және Демократиялық партия атынан күтпеген жеңіске дейін кең жұртшылыққа белгісіз тұлға болатын. Ол науқан кезінде қарапайым нью-йорктіктердің өмір сүру құнын төмендетуге бағытталған бастамалар және әлеуметтік желілерде сайлаушылармен ашық сөйлескен бейнелері арқылы қолдау тапты.

Угандалық үнді әулетінде туған, жеті жасынан Нью-Йорк қаласында тәрбиеленген Мамдани осылайша қаланың алғашқы мұсылман және оңтүстік азиялық мэрі мәртебесіне ие болды.

Ол бұл жеңіске Дональд Трамптың, бизнес элитаның және консервативтік БАҚ-тың саясат пен діни тұлғасына қарсы шабуылдарына қарамастан жетті. Трамп сайлау күні Мамданиді «антисемит» деп атап, нәсілшіл риторика қолданған болатын.

Трамп әлеуметтік желіде: «Зохран Мамданиге дауыс берген кез келген еврей АНТИСЕМИТ екені дәлелденген біреуге дауыс беріп отыр. Бұл — ақымақтық!» — деп жазды.

Танымал кәсіпкерлердің бірі Билл Акман Мамданиді қатаң сынап, оның қарсыластарына қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ “The New York Post” секілді консервативтік басылымдар Мамдани туралы үнемі теріс материалдар жариялады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады

Трамптың реакциясы және сайлау тақырыптары

Сайлау науқаны негізінен өмір сүрудің қымбаттауы, қылмыс деңгейі және үміткерлердің Трампқа деген қатынасы төңірегінде өрбіді. Мамдани өз кампаниясын қолжетімді өмір мен әлеуметтік теңдік идеяларына құрды.

Мамдани жалдау ақысы бақыланатын пәтерлердегі бағаларды уақытша тоқтату, тегін автобус қатынасын іске қосу, бала күтімін жеңілдету және қалалық әкімдік иелігіндегі азық-түлік дүкендерін ашуды ұсынды.

Жаңа мэр Нью-Йорктың ең бай азаматтары мен ірі корпорацияларына салықты арттыруды ұсынады. Бұл бастама қаржы ортасында қаланың экономикалық тартымдылығына кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызды.

Мамданидің күтпеген жеңісі Демократиялық партия ішінде “орталық бағытта қалу әлде солшыл саясатты күшейту” деген ішкі пікірталасты өршітті.

Демократтардың Вирджиния мен Нью-Джерсидегі губернаторлық сайлаудағы жеңістері елдің келесі жылғы аралық сайлаулар алдындағы саяси көңіл күйінің өзгергенін көрсетті. Бұл сайлауларда Конгрестегі көпшілік биліктің тағдыры шешілмек.

Трамп болса, республикалықтардың Нью-Йорк, Нью-Джерси және Вирджиниядағы жеңілістерін өзінің кандидат болмауы және федералдық үкіметтің уақытша жабылуымен түсіндірді.

Куомо штабы ұйымдастырған, сайлау нәтижелері жарияланған кеште кейбір қатысушы Трамп Ұлттық гвардияны қалаға жібереді деп қауіптенді. Басқалары Сливаны орталық-оңшыл сайлаушылардың дауысын бөліп жіберді деп айыптады.

Нью-Джерсиде Демократиялық партия өкілі Мики Шеррил, ал Вирджинияда демократ Эбигейл Спанбергер жеңді.

Бұрынғы президент Барак Обама Спанбергер мен Шеррилдің кандидатурасын қолдап, олардың жеңісінен кейін: «Істейтін жұмыс әлі көп, бірақ болашақ сәл де болса үміт ұялатады», - деді.

Іздеу
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”