ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік Әуе жолдары 225 дана «Boeing» ұшағын сатып алмақ
Түрік Әуе жолдары мәлімдемесінде «Boeing» компаниясынан 50 нақты, 25 қосымша тапсырыспен барлығы 75 дана «B787-9» және «B787-10» үлгісіндегі ұшақ сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Түрік Әуе жолдары 225 дана «Boeing» ұшағын сатып алмақ
Түрік Әуе жолдары 225 дана «Boeing» ұшағын сатып алмақ / AA

Түрік Әуе жолдары жұма күні жасаған мәлімдемесінде 75 дана «Boeing B787» ұшағын сатып алатынын және қозғалтқыш өндірушісі «CFM International» компаниясымен келіссөздер негізінде 150 дана «737-8/10 MAX» ұшағын сатып алу бойынша келісімге келгенін хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түрік Әуе жолдары мен «Boeing» компаниясы келісім жасасты

Түркиядағы жалғыз қор нарығы және қаржы активтері саудаланатын Стамбул қор биржасына жасаған мәлімдемеде, Түрік Әуе жолдарының «Boeing» компаниясынан 75 дана «B787-9» және «B787-10» үлгісіндегі ұшақ сатып алуға шешім қабылдағаны айтылды. Сондай-ақ 50 данасы нақты, 25-і қосымша тапсырыс ретінде жоспарланғаны атап өтілді.

Компания бұл ұшақтардың жеткізілімі 2029 - 2034 жылдар аралығында жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Ұшақтардың қозғалтқыштары, қосалқы қозғалтқыштары және қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша «Rolls-Royce» және «GE Aerospace» компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сонымен қатар Түрік Әуе жолдары «Boeing»-пен жалпы саны 150 дана «737-8/10 MAX» үлгісіндегі ұшақ сатып алу бойынша келіссөздерді аяқтағанын растады. Бұл тапсырыстардың 100 данасы нақты, 50 данасы қосымша тапсырыс ретінде жоспарланған.

Компания мәлімдемесінде «Аталған тапсырыстармен бірге 2035 жылға дейін біздің әуе флотымыз толықтай жаңа буын ұшақтардан құралады. Осылайша операциялық тиімділігіміз артып, жылдық орташа өсімді 6 пайыз деңгейіне жеткізу көзделуде», – делінді.

Іздеу
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігінің Грекия туралы мәлімдемесі
«TEKNOFEST Көгілдір Отан 2026» бүгін басталады
Түркия мен Сирия арасында кен өндіруде стратегиялық әріптестік
Президент Ердоған Жапония премьер-министрі Такаичимен телефон арқылы сөйлесті
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды
Түркия жаһандық жасанды интеллект орталығы болу жол картасын іске қосты
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған 17 тамызға орай жазба жариялады
Президент Ердоған "Al Jazeera" телеарнасына сұхбат берді
Түркия Индонезияға көңіл айтты
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»