ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік Әуе жолдары мен «Boeing» компаниясы келісім жасасты
АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баррак президент Ердоған мен Трамптың кездесуінен кейін келісім жасалғанын растады, алайда әуе компанияларының әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты.
Түрік Әуе жолдары мен «Boeing» компаниясы келісім жасасты
«Turkish Airlines» пен «Boeing» компаниясы келісім жасасты. / AA

Том Баррак: «Түрік Әуе жолдарының («THY») «Boeing» ұшақтарын сатып алуы аяқталды», -  деді. Бұл мәлімдеме америкалық ұшақ өндіруші «Boeing» пен Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы  «THY» арасындағы маңызды келісімді растады.

Ақ Үйдің алдында келісімнің аяқталып-аяқталмағанын сұраған тілшілерге Баррак: «Келісім жасалды», – деп жауап берді, бірақ қосымша ақпарат бермеді.

Баррак бұл мәлімдемені Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың кездесуінен кейін жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ердоған мен АҚШ президенті Трамп кездесті

Өткен апта Түрік Әуе жолдары «Boeing» компаниясымен ықтимал тапсырыс туралы келіссөздердің жалғасып жатқанын хабарлаған болатын. «THY»-дың Коммуникация жөніндегі төраға орынбасары Яхья Үстүн: «Бұл «Boeing»-пен біраз уақыттан бері талқыланып келе жатқан мәселе, бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ», – деген болатын. Әзірге «Boeing» те, «THY» де Баррактың мәлімдемесіне ресми пікір білдірген жоқ.

Түрік Әуе Жолдарының кеңею стратегиясы

«THY» мен «Boeing» былтыр Түрік Әуе жолдарының жаһандық әуе жүк нарығындағы орнын күшейту үшін төрт «Boeing 777» жүк ұшағына тапсырыс беру жөнінде келісімге келген болатын. Бұл келісім «THY»-дың өсу стратегиясымен үйлесіп отыр. Стратегия аясында әуе компаниясы артқан бағыттар желісіне қызмет көрсету үшін әрі жүк, әрі жолаушы тасымалдау қуатын күшейтуді көздейді.

Сондай-ақ түрік әуе компаниясы «Pegasus» та өткен жылы 200 «Boeing» ұшағына тапсырыс беретінін мәлімдеген еді. Бұл жағдай Түркия нарығының америкалық ұшақ өндіруші «Boeing» үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

«Boeing» еуропалық бәсекелесі «Airbus»-пен жарыса жаңа келісімшарт жасауға күш салуда. Стамбул әуежайының ірі халықаралық орталыққа айналуымен бірге Түркияның дамып келе жатқан авиация секторы екі компанияның басты назарында.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбул әуежайы әлемнің ең үздік әуежайы болып таңдалды

Том Баррактың ауызша растауы келісімнің аяқталғанын меңзесе де, тапсырыстың көлемі мен жеткізу кестесіне қатысты нақты ақпарат жоқ.

Сала сарапшыларының пікірінше, Түрік Әуе жолдарының «Boeing»-пен кез келген жаңа келісімі артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін ұзақ қашықтыққа ұшатын жолаушы ұшақтарын және қосымша жүк ұшақтарын қамтуы мүмкін.

Президент Ердоған мен Трамптың кездесуі «Boeing» келіссөздеріне тікелей қатысты болмаса да, кең ауқымды экономикалық және қауіпсіздік тақырыптарын қамтыды. Алайда Баррактың мәлімдемесі бұл келісімнің АҚШ–Түркия қатынастары мен жаһандық авиация нарығы үшін маңызды екенін көрсетті .

 

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды