ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
ЕО Ресейдің Польша әуе кеңістігін бұзуын айыптады
Польша Ішкі істер және әкімшілік министрлігі полиция қызметкерлері егістік алқаптан диаметрі шамамен 10 метр шұңқыр мен шығу тегі анықталмаған нысанның сынықтарын тапқанын хабарлаған еді.
ЕО Ресейдің Польша әуе кеңістігін бұзуын айыптады
Польшада полиция қызметкерлері егістікте диаметрі шамамен 10 метр болатын шұңқыр мен «белгісіз нысанға тиесілі» сынықтарды анықтаған болатын.

Еуропалық одақ (ЕО) Кеңесінің төрағасы Антониу Кошта Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы кезінде Польшаның әуе кеңістігінің бұзылуына байланысты: «Бұл жағдай Ресейдің басқыншылық әрекеті тек Украинаға ғана емес, бүкіл Еуропаның қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы бір мәрте көрсетті», – деді.

Кошта X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ресейдің өткен түні Украинаға кең ауқымды шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Кошта ЕО өз азаматтарын қорғау үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан Украина мен Польша билігімен толық ынтымақта екенін айтып, Украинаның әуе қорғанысын күшейту мақсатында қолдауды арттырып жатқанын жеткізді.

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаға 2022 жылғы ақпаннан бері жалғасып келе жатқан соғыста жеңіске жетуі үшін барлық қажетті қолдауды жалғастыратынын айтып, «Біз құрлықта, теңізде және әуеде Еуропаның қуатты қауіпсіздік архитектурасын қалыптастырып жатырмыз», – деді.

Бұған дейін Польша билігі Ресейдің Украинаның батысына жасаған жаппай зымырандық шабуылы кезінде елдің әуе кеңістігіне енген белгісіз нысанға тиесілі болуы мүмкін сынықтардың табылғанын хабарлаған болатын.

Польша Ішкі істер және әкімшілік министрлігі X” желісінде жариялаған мәлімдемеде полиция қызметкерлері егістік алқаптан диаметрі шамамен 10 метр шұңқыр мен шығу тегі анықталмаған нысанның сынықтарын анықтағаны айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды