ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
Польшаның “TVP World” телеарнасының хабарлауынша, НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде, Польшаның солтүстік-шығысы үстінде жоспарлы әуе жаттығуын өткізді.
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
НАТО-ның "E-3A Sentry AWACS" барлау ұшағы тамыз айының басындағы әуе операциясы кезінде. / Reuters Arkiv

Жаттығуға АҚШ пен Норвегияның жойғыш ұшақтары, НАТО-ның “E-3A Sentry AWACS” әуеден бақылау ұшағы, әуеде жанармай құюшы танкер ұшақтар және АҚШ-тың “EA-37B” радиоэлектрондық күрес ұшағы қатысты.

Жаттығуға қатысқан ұшақтардың саны шамамен 25-тен 50-ге дейін болғаны болжануда.

Польшаның Жедел қолбасшылығы сейсенбі күнгі жаттығуды НАТО үйлестіргенін және оның Ресей әуе күштерінің әрекеттеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Қолбасшылықтың мәліметінше, операцияның мақсаты — одақтас күштердің өзара іс-қимыл қабілетін арттыру және бірлескен әуе операцияларының сценарийлерін пысықтау.

Жаттығу Германияның “Bild” газеті Балтық елдеріне ықтимал Ресей шабуылына қарсы тұру үшін әзірленген және «НАТО-ның құрлықтағы соғыс тұжырымдамасы» деп сипатталған жоспардың егжей-тегжейін жариялағаннан бірнеше күн өткен соң өткізілді.

НАТО Калининград пен Беларусь арасында орналасқан, Польша мен Литваны байланыстыратын стратегиялық маңызы бар тар құрлық дәлізі — Сувалки дәлізі маңындағы әскери жаттығуларын арттырды.

Одақтас күштер мамыр айында осы аймақта Amber Shock 26” жаттығуын өткізген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Іздеу
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
«Ozon» компаниясының екі логистикалық нысанына дронмен шабуыл жасалды
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты
Израиль шабуылынан 4 палестиналық қаза тапты
"Иран шабуылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандарына ауыр зиян келтірді"
Ресейде шыққан өртте Қытайдың 6 азаматы, барлығы 7 адам қаза тапты