ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Украина президенті Владимир Зеленский Киевке жасаған әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 12-ге жеткенін хабарлады.
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
(МҰРАҒАТ) Зеленский Киевке жасалған шабуылдан қаза тапқандар санының 12-ге жеткенін мәлімдеді.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдің осы түні Киевті және елдің басқа да аймақтарын нысанаға алған әуе шабуылдарына қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей армиясының Киевке жасаған шабуылынан көпқабатты тұрғын үйлер мен балалар ауруханасы зақымданғанын еске салған Зеленский қаза тапқандар саны 12-ге жеткенін мәлімдеді.

Зеленский 40 адамның жараланғанын, сондай-ақ Киев облысындағы бір елді мекенде тағы бір адамның қаза тапқанын айтты.

Зеленский Ресей армиясының осы түні Украинаның басқа да аймақтарын нысанаға алғанын атап өтіп, «Жау Одесса облысында Молдова шекарасындағы бақылау-өткізу бекетіне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады, ал Чернигов облысында табиғи газ инфрақұрылымы нысанаға алынды», - деді.

Украина президенті әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарға мұқтаж екенін айтып, сөзін былай жалғастырды:

«Мәскеу баллистикалық қаруға және шиеленісті күшейтуге инвестиция салып жатқанда әлем, өкінішке қарай, мұндай шабуылдарға әрдайым қажетті деңгейде жауап бере алмай отыр. Украинада зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері жеткілікті болмайынша, Ресей бейбітшілік туралы байыппен ойланбайды».

Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының мәлімдемесінде Ресейдің осы түні елге жасаған шабуылдарында 168 қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты мен 44 зымыран қолданғаны айтылды.

Мәлімдемеде 39 зымыран мен 145 ҰҰА-ның залалсыздандырылғаны атап өтілді.

Киевте ертең аза тұту күні жарияланды

Киев мэрі Виталий Кличко да әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей армиясының шабуылдарынан Киевте 12 адамның қаза табуына байланысты 21 тамыз аза тұту күні болып жарияланғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей шабуылдарынан Киевте 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланды
Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды