ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының Украинаның Днепр және Запорожье қалаларына жасаған әуе шабуылдары салдарынан 8 адамның қаза тауып, 35 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресейдің Украинаға шабуылдары кеше түнде де жалғасты (МҰРАҒАТ)

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдің Днепр қаласына зымыранмен соққы жасағанын хабарлады.

Оның айтуынша, шабуыл салдарынан 5 адам көз жұмып, 29 адам жараланған.

Сондай-ақ Зеленский Ресейдің Запорожье қаласында шағын автобусқа ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) шабуыл жасағанын жеткізді.

Бұл шабуылдан 3 адам қаза тауып, 6 адам жараланған. Президенттің айтуынша, екі қалада да іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Украина басшысы Ресей әскері Сумы, Харьков, Чернигов облыстары мен Одесса және Херсон өңірлеріне де шабуыл жасағанын айтып, «Ресейдің бұл террорына қарсы күресу аса маңызды», – деді.

Украина Әуе күштері қолбасшылығының мәліметінше, Ресей түнде Украина аумағына ұшырған 180 ұшқышсыз ұшу аппаратының 82-сі атып түсірілген.

Мәлімдемеде Украинаның әртүрлі өңіріне төнген әуе шабуылы қаупі әлі де сақталып отырғаны атап өтілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Киевке шабуыл жасады
Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады