САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады
АҚШ президенті бұған дейін Иранға жасаған ескертуінен кейін әскери операция болғанын еске салды.
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады / Reuters

АҚШ президенті Трамп Иранды ядролық қару мәселесі бойынша келіссөз үстеліне отыруға және келісім жасауға шақырды. Егер мұны қабылдамаса, АҚШ-тың келесі соққысы әлдеқайда ауыр болатынын мәлімдеді.

Трамп сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында «Иран тез арада келіссөз үстеліне отырып, әділ, әрі теңгерімді келісім үшін келіссөз жүргізеді деп үміттенемін. Екі тарап үшін тиімді келісім -  ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ келісім. Уақыт тығыз, шешуші кезеңдеміз!» - деп жазды.

Республикашыл АҚШ президенті Трамп алғашқы президенттік кезеңінде Тегеранмен 2015 жылы қол қойылған көпжақты ядролық келісімнен шыққан еді. Ол Иранға жасаған соңғы ескертуінен кейін әскери соққының болғанын да еске салды.

«Келесі соққы әлдеқайда ауыр болады. Мұның қайталануына жол бермеңдер!», - деп жазған Трамп Иранға қарай бет алған тағы бір армаданың жолда екенін айтты.

Ал Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи сәрсенбі күні мемлекеттік БАҚ-қа берген мәлімдемесінде соңғы күндері АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен ешқандай байланыс болмағанын және келіссөз туралы өтініш жасамағандарын жеткізді.

Трамп Вашингтонның маусым айында Иранның ядролық және баллистикалық зымыран жобаларын әлсіретуді көздеген, 12 күнге созылған Израиль соғысына қолдау көрсетіп, тікелей араласқаннан кейін де Иранға қатысты жаңа әскери шара қабылдануы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: 12 күнге созылған қақтығыста Израиль шабуылдарынан кемінде 935 адам қаза тапты

Осы айдың басында Трамп Иран үкіметінің билікке қарсы наразылықтарға қатысушыларға қарсы қатаң күш қолданып, адам өліміне әкелген әрекеттеріне байланысты Иранға ескерту жасаған болатын. Алайда соңғы күндері екі тарап та дипломатияға мүмкіндік беру керектігін атап өткеннен  кейін АҚШ-тың дереу әрекет ету ықтималдығы төмендегендей көрінді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: қаза тапқандар саны 2 570-тен асты

Аймаққа АҚШ Әскери-теңіз күштерінің соққы тобы орналастырылғаны хабарланды. Осыған байланысты жоғары лауазымды ирандық шенеуніктер араб елдерімен байланыс орнатып, қолдау іздеген.

АҚШ Орталық қолбасшылығы «USS Abraham Lincoln» соққы тобының Таяу Шығыс су айдынына жеткенін мәлімдеді, алайда нақты орны жарияланған жоқ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді

 

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді