ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран: қаза тапқандар саны 2 570-тен асты
Ирандық бір шенеунік адам шығынының көп екенін мойындаса, АҚШ-та орналасқан адам құқықтарын бақылау тобы наразылықтар кезінде он екі баланың да қаза тапқанын мәлімдеді.
Иран: қаза тапқандар саны 2 570-тен асты
Валютаның құнсыздануына қарсы наразылық кезінде ирандықтар. 2026 ж 8 қаңтар. / Reuters
 

АҚШ-та орналасқан, Иранға бағытталған адам құқықтары ұйымы “HRANA” сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Ирандағы наразылықтар барысында қаза тапқандар саны 2 571 адамға жеткенін хабарлады. Ел билігі соңғы жылдардағы ең ірі оппозициялық толқынмен бетпе-бет келіп отыр.

“HRANA”  деректеріне сәйкес, қаза тапқандардың ішінде 2 403 наразылық білдіруші, үкімет күштерімен байланысты 147 адам, 12 бала және шерулерге қатыспаған тоғыз бейбіт тұрғынның өлімі расталған.

Ирандық бір лауазымды тұлға сейсенбі күні шамамен 2 000 адамның қаза тапқанын мойындады. Бұл — екі аптадан астам уақыт бұрын басталған ел көлеміндегі толқулардан бері билік алғаш рет жариялаған жалпы көрсеткіш.

Экономикалық жағдайдың нашарлауынан туындаған бұл наразылықтар соңғы үш жылда ирандық басшылық тап болған ең күрделі сынаққа айналды.

Наразылықтар өткен жылы Израиль мен АҚШ шабуылдарынан кейін күшейген халықаралық қысым аясында болуда.

Әскери әрекет күн тәртібінде

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні ирандықтарды наразылықтарды жалғастыруға шақырып, «көмек жолда» деген жазба жариялады.

Трамп журналистерге бұл сөздеріне қатысты нақты жауап бермеді.

Ал Иран билігі АҚШ пен Израильді елдегі тұрақсыздықты қоздырды деп айыптап, болған өлім-жітімді шетелдіктердің ықпалымен әрекет еткен «террористік элементтерге» жүктеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»