САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Дональд Трамп президент Ердоғанның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға көмектесе алатынын айтты
Трамп Ердоғанның Ресей құрметтейтін тұлға екенін және оның Украинадағы соғыстың аяқталуына ықпал ете алатынын айтты.
Дональд Трамп президент Ердоғанның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға көмектесе алатынын айтты
Дональд Трамп президент Ердоғанның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға көмектесе алатынын айтты / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуда маңызды рөл атқара алатынын айтты.

Дүйсенбі күні Трамп Мысырдан Ақ Үйге қайтар жолда «Air Force One» ұшағында журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Мемлекет басшыларының әсіресе Ердоғанның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға көмектесуі мүмкін бедеген сауалға: «Ердоған көмектесе алады», - деп жауап берді. Ол сонымен қатар «Оған Ресей құрметпен қарайды», - деп қосты.

Түркия 2022 жылдың ақпан айында басталған Ресей-Украина соғысын тоқтату бағытындағы күш-жігерін жалғастырып келеді. Анкара Киев пен Мәскеуді келіссөздер арқылы қақтығысты тоқтатуға шақырып, бейбітшіліктің негізін қалау үшін араағайындықпен бірге барлық бастамаларға дайын екенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей билік өкілі: «Стамбул Мәскеу-Киев келіссөздерінің басты алаңына айналды»

Зеленскиймен кездесу

Украина мәселесіне қатысты ұшақта қойылған сұрақтарға жауап берген АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Ақ Үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізетінін растады.

Таңертең Зеленский Украина делегациясының бірқатар кездесуге қатысу үшін АҚШ-қа жолға шыққанын және жұма күні Трамппен кездесетінін мәлімдеген еді. Зеленский «X» платформасындағы жазбасында: «Жұма күні Вашингтонға барып, президент Трамппен кездесемін. Бірқатар мәселені талқылаймыз деп ойлаймын. Диалогымыз бен қолдауы үшін президент Трампқа ризашылығымды білдіремін», -  деп жазды.

Зеленский сондай-ақ сапардың негізгі назарында әуе қорғанысы мен ұзақ қашықтықтағы мүмкіндіктердің болатынын айтып, бұл мәселелердің Ресейге бейбітшілік үшін қысым жасау мақсатында талқыланатынын атап өтті.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды