ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін «Brent» мұнай бағасы шамамен 10 % өсіп, барреліне 80 долларға дейін жетті. Сарапшылар жеткізілім тоқтайтын болса, баға 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті.
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін / Reuters

«Brent» шикі мұнай биржадан тыс нарықта 10 пайызға күрт өсіп, барреліне шамамен 80 долларға жетті»,- деп хабарлады мұнай трейдерлері. АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін Таяу Шығыста соғыс қаупі күшейіп, сарапшылар мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін болжады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

«ICIS» компаниясының энергетика және мұнай өңдеу жөніндегі директоры Аджай Пармар: «Әскери шабуылдар мұнай бағасының өсуіне әсер етеді, бірақ бұл жерде шешуші фактор ˗ Хормуз бұғазының жабылуы», - деді.

Сауда дереккөздерінің айтуынша, Тегеран кемелерге бұл су жолымен өтпеу туралы ескерту жасағаннан кейін көптеген танкер иелері, энергетикалық компаниялар және сауда ұйымдары Хормуз бұғазы арқылы мұнай, жанармай және сұйытылған газ тасымалын уақытша тоқтатты.

Әлемдік мұнай саудасының 20 %-дан астамы Хормуз бұғазы арқылы өтеді.

Пармар: «Нарық ашылғанда баға 100 доллардан басталуы мүмкін, ал бұғаз ұзақ уақытқа жабылса, бұл деңгейден де асып кетуі ықтимал», - деді.

«OPEC+» өндірісті арттырмақ

«RBC» сарапшысы Хелима Крофт Таяу Шығыс елдерінің басшылары Вашингтонға Иранмен соғыс болған жағдайда мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асып кетуі мүмкін екенін ескерткенін айтты. «Barclays» сарапшылары да баға 100 долларға жетуі ықтимал екенін мәлімдеді.

Мұнай өндіруші елдерден тұратын «OPEC+» тобы жексенбі күні сәуір айынан бастап өндірісті тәулігіне 206 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл өсім әлемдік сұраныстың 0,2 пайызынан аз бөлігін құрайды.

«Rystad Energy» экономисі Хорхе Леонның айтуынша, Хормуз бұғазы жабылған жағдайда балама инфрақұрылым пайдаланылғанның өзінде тәулігіне 8-10 миллион баррель шикі мұнай жеткізілімі жоғалуы мүмкін. Оның сөзінше, Сауд Арабиясының Шығыс-Батыс құбыры мен Абу-Даби құбыры арқылы белгілі бір көлемде бағыттауға болады, бірақ бұл шығынды толық өтей алмайды.

«Rystad» болжамынша, нарық ашылған кезде баға шамамен 20 долларға өсіп, барреліне 92 доллар деңгейіне көтерілуі мүмкін.

Иран дағдарысы Азиядағы үкіметтер мен мұнай өңдеу зауыттарын мұнай қорларын көбейтіп, жеткізудің балама бағыттарын қарастыруға итермеледі.

Іздеу
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты