ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Венесуэла АҚШ-тың «толық мұнай блокадасын» айыптады
Вашингтонның Кариб аймағындағы әскери қысымы күшейген тұста Каракас мұнай танкерлеріне қатаң шектеулер енгізген АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі халықаралық құқықты бұзады деп мәлімдеді.
Венесуэла АҚШ-тың «толық мұнай блокадасын» айыптады
Вашингтон өз шараларының "шетелдік лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға пайдаланылатын заңсыз мұнай тасымалдау желілерін" жоюға бағытталғанын білдірді.. / Reuters

Вице-президент Делси Родригес президент Дональд Трамптың бұл қадамын еркін сауда қағидаттарын бұзатын «ойсыз әрі аса қауіпті» деп атады.

Каракас бұл шараны «сұмдық» деп атап, Трампты Венесуэланың мұнайы, жері мен минералдық байлығы АҚШ-қа тиесілі сияқты әрекет етті деп айыптады.

«Трамп Венесуэланың ресурстары өзіне тиесілі деп есептейді», - делінген мәлімдемеде.

“Truth Social” платформасында жариялаған жазбасында Трамп Венесуэланың «Оңтүстік Америка тарихындағы ең ірі теңіз күштерімен толық қоршауға алынғанын» алға тартып, қысым Каракас «бізден бұрын ұрлаған барлық мұнайды, жерді және өзге де активтерді» қайтарғанға дейін күшейе түсетінін айтты.

Соңғы төрт ай ішінде АҚШ Кариб аймағындағы әскер санын арттырып, есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікке ілінген кемелерге қарсы операция жүргізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Венесуэла президенттері сөйлесті
Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты