ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио аталған саммиттің одақ тарихындағы ең маңызды кездесулердің бірі болатынын мәлімдеді.
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»

Рубио АҚШ президенті Дональд Трамптың шілде айында Анкарада өтетін НАТО саммитіне қатысатынын хабарлады.

Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінде сөйлеген сөзінде Рубио Анкарадағы саммиттің одақ тарихындағы ең маңызды жиын болатынын атап өтті.

«Нақтылауды және түзетуді қажет ететін бірқатар мәселе бар. Америка Құрама Штаттары әлі де НАТО одағының мүшесі және біз саммитке қатысамыз», – деді ол.

Рубио АҚШ-тың НАТО құрамындағы мүшелігі жалғасатынын айтып, одаққа елеулі өзгерістер қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселелер 7–8 шілде күндері Түркия астанасы Анкарада өтетін саммитте талқыланбақ.

Хакан Фидан Трамптың саммитке қатысуы мүмкін екенін меңзеген еді

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бұған дейін жасаған мәлімдемесінде Дональд Трамптың НАТО саммитіне қатысуды жоспарлап отырғанын меңзеген болатын.

Фиданның айтуынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өткен айда Трамппен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескен. АҚШ президенті телефон әңгімесі барысында саммитке қатысуға ниет білдірген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы

Фидан саяси мәлімдемелерге қарамастан, АҚШ-тың одаққа адалдығы сақталып отырғанын атап өтті. Ол Вашингтонның НАТО-дан шығуы мүмкін деген болжамдарды растайтын нақты белгілер жоқ екенін айтты.

«АҚШ одақтастарына қорғаныс шығындарын арттырып, қауіпсіздік үшін көбірек жауапкершілік алуға үндеп келеді. Еуропалықтар бұл үндеуді қабылдап, НАТО аясында қорғаныс бюджеттерін ұлғайту бағытында қадам басты. Көшбасшылар бас қосқанда қол жеткізілген ілгерілеуді бағамдайтын боламыз», – деді Фидан.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты