СПОРТ
1 ... минут оқылды
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Бас бапкер Винченцо Монтелла АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы «FIFA» әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының 26 ойыншыдан тұратын тізімін жариялады.
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркия құрамасы / AA

Түркия құрамасы 2002 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Қатысты

Құраманың басты жұлдыздарының қатарында капитан Хакан Чалханоглу, Арда Гүлер, Кенан Йылдыз және Мерих Демирал бар.

Қақпашылар тізіміне Алтай Байындыр, Мерт Гүнок және Угуржан Чакыр енді.

Сондай-ақ құрамда тәжірибелі ойыншылармен қатар жас таланттар Жан Узун мен Дениз Гүл де бар. Түркия құрамасы Монтелланың жетекшілігімен соңғы жылдардағы қарқынды дамуын әлем чемпионатында жалғастыруды көздеп отыр.

Топтық матчтардың кестесі

Түркия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 14 маусым күні Ванкувер қаласындағы «BC Place» стадионында Австралияға қарсы өткізеді. Кейін 20 маусымда Парагвай құрамасымен, ал 26 маусымда АҚШ командасымен кездеседі.

Түркия құрамасының топтық кезеңдегі ойын кестесі (GMT):

  • 14 маусым: Австралия – Түркия, 04:00 (Ванкувер) (Түркия уақытымен 07:00)

  • 20 маусым: Түркия – Парагвай, 03:00 (Сан-Франциско шығанағы аймағы) (Түркия уақытымен 06:00)

  • 26 маусым: Түркия – АҚШ, 02:00 (Лос-Анджелес) (Түркия уақытымен 05:00)

Түркия құрамасы топтық кезеңнен өтіп, плей-офф сатысына жолдама алуды және 2002 жылғы «FIFA» әлем чемпионатындағы тарихи жетістігін қайталауды мақсат етіп отыр.

 

Іздеу
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы