ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Австралияда «Палестинаға бостандық» деген жазуы бар жүк көлігі өртелді
Көлік иелері соңғы рет жексенбі күні қоқан-лоққыға ұшырағандарын айтты, алайда көлікке алғаш рет шабуыл жасалған.
Австралияда «Палестинаға бостандық» деген жазуы бар жүк көлігі өртелді
Австралияда «Палестинаға бостандық» деген жазуы бар жүк көлігі өртелді / AA

«7News»-тің хабарлауынша, Австралияның Сидней қаласының батысында үстінде Палестина туы мен «Палестинаға бостандық» деген жазуы бар жүк көлігі өртенді. Көлік иелері «бұл шабуыл саяси әрекет» деді.

Қауіпсіздік камераларынан бір күдіктінің көліктің айналасында жүргені, кейін оның астына молотов коктейлін тастағаны анық көрінді. Көлік отқа оранғанда, өртеуші жаяу қашып кеткен.

Екі жылдан астам уақыт бойы «Газаға бостандық», «Палестинаға бостандық» деген ұрандар жазылған бұл көлік онлайн платформаларда талқылауларға себеп болды. Көлік иелеріне бірнеше рет қоқан-лоққы жасалған. Олар соңғы ескертуді жексенбі күні алғандарын, бірақ бұл жолы көліктің алғаш рет зақымдағанын айтты.

Көлік иелерінің бірі: «Бұл бейбіт түрде наразылық білдіріп, сөз бостандығын бейбіт жолмен қолданып жүргендерге қарсы өшпенділікке негізделген шабуыл», – деді.

Полиция әзірге шабуылдың саяси мақсатпен жасалып-жасалмағанын растаған жоқ, тергеу жалғасуда.

21 қыркүйек күні Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе «X» платформасында жариялаған мәлімдемесінде елдің тәуелсіз әрі егемен Палестина мемлекетін ресми түрде мойындағанын хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Австралия Палестинаны мойындауды қолдады

Сондай-ақ Австралияның исламофобияға қарсы арнайы өкілі болып тағайындалған Афтаб Малик 13 қыркүйек күні жасаған мәлімдемесінде: «Австралияда исламофобия үнемі мәселе туындатты.  Кейде еленбей, кейде жоққа шығарылды, бірақ ешқашан толық шешімін тапқан жоқ», – деген болатын.

Австралиядағы еврей кеңесі де бейсенбі күні «X»-тегі жазбасында Премьер-министр кеңсесіне 80 беттен тұратын құжат пен 2 700-ден астам қол қойылған петицияны тапсырғанын, Израильге санкция салып, Газадағы геноцидті тоқтатуды талап еткенін мәлімдеді. Кеңес дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде үкіметті Израиль шенеуніктеріне санкция салуға, қару-жарақ саудасын тоқтатуға және Тель-Авивті халықаралық құқықты өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартуға шақырды.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр