САЯСАТ
1 ... минут оқылды
“Газа мәселесі бойынша Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ бірлесіп жұмыс істеуде”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Трамптың Газаны қайта қалпына келтіруді қолдауға бағытталған бастамасын құптайтынын мәлімдеді.
“Газа мәселесі бойынша Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ бірлесіп жұмыс істеуде”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Трамптың Газаны қайта қалпына келтіруді қолдауға бағытталған бастамасын құптайтынын мәлімдеді. / AFP

“Politico” басылымының хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газаны қайта қалпына келтіруді қолдауға бағытталған Бейбітшілік кеңесі бастамасы уәкілетті құрылымдармен ынтымақтастықта екенін айтты.

Гутерриш бұл мақсаттың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан айқындалып, мақұлданғанын білдірді.

Алайда аталған құрылымның Газаны қайта қалпына келтіруден тыс бұдан да ауқымды рөл атқаруының қажеті жоқ екенін атап өткен Гутерриш қазіргі мәселелерді мұндай жолмен шешу мүмкін емес екенін білдірді.

Сондай-ақ ол халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының құндылықтарын сақтау кез келген бейбіт бастаманың негізі болуы тиіс екенін жеткізді.

Гутерриш бұған қоса Иранның Ормуз бұғазын жабуына байланысты әрекетті тоқтатуға шақырып, БҰҰ осы су жолын қорғауға үлес қоса алатынын және шиеленісті төмендетуге бағытталған жоспарға көмек бере алатынын хабарлады.

Гутерриш соғыс басталғалы бері Трамппен тікелей сөйлеспегенін, алайда әкімшілік құрамындағы өзге лауазымды тұлғалармен байланыс орнатқанын қосты.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Бейбітшілік кеңесі Газамен шектелмеуі мүмкін”
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды