ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты
Аракчи ақпан айында Женевада өткен келіссөздерде елеулі ілгерілеу болғанына қарамастан, АҚШ-тың шабуылынан кейін күн тәртібінде жаңа келіссөз жоқ екенін мәлімдеді.
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты / Reuters

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұл жағдайды «өте ауыр тәжірибе» деп атап, АҚШ-пен қайта келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Дүйсенбі күні «PBS News» арнасына берген сұхбатында Аракчи Иранның жаңа рухани көсемі Моджтаба Хаменейдің келіссөздерді қайта бастау немесе бітімге келу туралы сұраққа жауап берді. Ол: «Бұл мәселе жөнінде пікір айтуға әлі ерте». - деді

ҚатыстыTRT Қазақ - Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды

Сонымен қатар Аракчи: «Америкалықтармен қайта келіссөз жүргізу мәселесі күн тәртібінде болады деп ойламаймын, өйткені америкалықтармен келіссөз жүргізу тұрғысынан өте ауыр тәжірибеміз бар», - деді.

Ол Тегеран мен Вашингтон арасында келіссөз жүріп жатқан кезде болған 12 күндік соғысқа тоқталып, сол кезеңде Израиль мен АҚШ күштері Иранның ядролық нысандарына шабуылдағанын айтты.

Министр ақпан айының соңында Женевада өткен АҚШ-Иран ядролық келіссөздерінің соңғы кезеңіне де тоқталып, екі тараптың да Оманның араағайындығымен өткен келіссөздерді нәтижелі деп бағалағанын атап өтті.

Алайда ол: «Үш келіссөз өткеннен кейін, тіпті америкалық делегацияның өзі үлкен ілгерілеу болғанын айтқанына қарамастан, олар бәрібір бізге шабуыл жасау туралы шешім қабылдады», -  деді.

Сондықтан америкалықтармен қайта келіссөз жүргізу қазір Иранның күн тәртібінде жоқ.

Аймақтық шиеленістер

Жаһандық мұнай нарығындағы іркілістерге тоқталған Аракчи Иран мұнай өндірісі мен тасымалындағы кедергілерге жауапты емес екенін айтты. «Бұл біздің кінәміз емес. Бұл біздің жоспарымыз да емес», - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай кедергілер Израиль мен Америка Құрама Штаттары жасаған шабуыл салдарынан туындаған.

Аракчидің пікірінше, бұл шабуылдар аймақты тұрақсыз әрі қауіпті жағдайға айналдырып отыр. «Сондықтан танкерлер мен кемелер Ормуз бұғазы арқылы өтуге қорқады», – деді ол.

Министр сондай-ақ «аймақтағы энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар арқылы мұнай жеткізілімін әдейі шектеп отыр» деген айыптауларды да жоққа шығарды. «Бізге заңсыз шабуыл жасалды, ал біздің әрекетіміз – заңды және өзін-өзі қорғау», -  деді ол.

Сонымен қатар ол аймақ елдеріне ескерту жасап, егер АҚШ Иранға тікелей шабуыл жасаса, Иран Американың аймақтағы әскери базаларын нысанаға алатынын айтты. «Мұның салдарынан соғыс бүкіл аймаққа таралуы мүмкін», -  деді ол. «Бұл жағдайға біз жауапты емеспіз».

ҚатыстыИран зымырандары Тель-Авивті атқылады, қалада өрт шықты - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті