САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Дональд Трамп жаңа көшбасшы Вашингтон мақұлдамаса, ұзақ уақыт билікте қала алмайтынын айтқаннан кейін Иран мәлімдеме жариялады.
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды / AP

Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранның Сарапшылар мәжілісі Моджтаба Хаменейді әкесі Әли Хаменейдің орнына елдің жаңа рухани көсемі етіп тағайындады.

Моджтаба Хаменей Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланысы бар және орта деңгейдегі діни қайраткер ретінде белгілі. Ол ұзақ уақыт бойы Иран билігінің кейбір топтары тарапынан АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары кезінде қаза тапқан әкесі Әли Хаменейдің мұрагері ретінде белгілі болған.

Иранның билік идеологиясы мұрагерлік жолмен биліктің берілуіне қарсы болғанымен, Моджтаба Хаменейдің Ислам революциясы сақшылары корпусы ішінде мықты қолдаушылары бар.

Сарапшылар мәжілісі жасаған мәлімдемеде 56 жастағы Моджтаба Хаменейдің Сарапшылар мәжілісінің құрметті өкілдерінің дауыс беруі арқылы Иран Ислам Республикасының қасиетті жүйесінің рухани көсемі болып тағайындалғаны айтылды.

Мәлімдемеде дінбасылар кеңесі қылмыскер Америка мен зұлым сионистік режимнің қатыгез агрессиясына қарамастан жаңа көшбасшыны таңдауда кідіріс жасамағаны атап өтілді.

Қарсылық

Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың бұған дейін Моджтаба Хаменейді «маңызы жоқ тұлға» деп атап, Иранды кім басқаратынына өзі де ықпал етуі керек екенін айтқанынан кейін қабылданды.

Трамп ресми ақпарат жарияланбай тұрып «ABC News» арнасына берген сұхбатында «Біз мақұлдамасақ, ол ұзақ уақыт билікте қала алмайды», – деген еді.

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Моджтаба Хаменейдің елді қазіргі күрделі жағдайда басқара алатынын айтып, жаңа рухани көсемнің төңірегіне бірігуге шақырды.

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы да жаңа көсемді қолдауға және оған бағынуға дайын екенін мәлімдеді.

 

Іздеу
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады