АҚШ пен Ресей президенттері сөйлесті
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы мен Украинадағы қақтығыс талқыланғаны хабарланды.
Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы мен Украинадағы қақтығысты талқылағанын хабарлады.
Ресей ақпарат агенттіктерінің Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап хабарлауынша, Путин мен Трамп дүйсенбі күні желтоқсаннан бері алғаш рет сөйлескен.
Ушаковтың айтуынша, «Әңгіме барысында Иранға қатысты жалғасып жатқан қақтығыстар мен Украина мәселесін шешу жөнінде АҚШ өкілдерімен жүргізіліп жатқан екіжақты келіссөз қаралды».
Сондай-ақ ол Путиннің Ресей үшін маңызды серіктес саналатын Иранға қарсы жүргізіліп жатқан АҚШ-Израиль соғысына қатысты «жедел саяси және дипломатиялық шешім» қажет екенін айтқанын жеткізді.
Ушаков бұдан бөлек Путиннің Украинадағы соғысқа тоқталып, Трампқа «ресейлік әскерлер үлкен жетістікпен ілгерілеп жатқан майдан шебіндегі қазіргі жағдай» туралы да айтқанын мәлімдеді.
Кеңесші Путиннің Трамптың Украина қақтығысы бойынша «делдалдық күш-жігерін оң бағалайтынын» да айтты. Соңғы апталарда Ресей мен АҚШ, сондай-ақ Ресей, АҚШ және Украина өкілдері арасында бірнеше кездесу өтті, алайда атысты тоқтату бағытындағы әрекеттерден нақты нәтиже шыққан жоқ.
Трамп пен Путин тамыз айында Аляскада саммит өткізген болатын.