САЯСАТ
2 ... минут оқылды
«Ресей Украинадағы «әділетті соғыста» басымдыққа ие»
Путиннің бұл мәлімдемесі Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның шығысындағы Донецк өңірінде орналасқан стратегиялық маңызы бар екі алғы шепті бақылауға  алғанын хабарлағаннан кейін жасалды.
«Ресей Украинадағы «әділетті соғыста» басымдыққа ие»
Ресей президенті Владимир Путин / AP

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Украинадағы «әділетті күрес» деп атаған соғыста басымдыққа қол жеткізгенін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Кремльдің ресми сайтында жарияланған бейнежолдауда Путин: «Жауынгерлеріміз бен қолбасшыларымыз шабуылдауда, Ресей осы әділетті күресте орасан күш жұмсауда. Біз Отанға деген сүйіспеншілігіміз бен бірлігімізді қорғаймыз, соғысып жатырмыз және жеңіп келеміз», - деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың қақтығысты тоқтату үшін Путин, Украина президенті Владимир Зеленский және басқа Еуропа көшбасшылармен өткізген жеке саммиттерін қоса алғанда жүргізілген дипломатиялық күш-жігерлерге қарамастан соғыстың жақын арада аяқталатыны екіталай.

Ашық дереккөздегі соғыс карталарына сәйкес, Ресей Қырымды қоса алғанда, Украинаның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы шамамен 114 500 шаршы шақырым аумақты, яғни елдің 19 пайызын бақылауында ұстап отыр.

Трамп  өткен апта Украина жерлерін қайтарып алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Вашингтон Киевтің Ресейдің ішкі аймақтарына соққы жасау үшін «Tomahawk» қанатты зымырандарын беру туралы өтінішін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленскиймен кездескен Трамп Ресей жөніндегі ұстанымын өзгертті

Донецкте ілгерілеу

Ресей Қорғаныс министрлігі соғыс майданындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Ресей күштерінің Украинаның шығысындағы Донецк облысында стратегиялық маңызы бар екі алғы шепті бақылауға алғанын хабарлады.

Украиналық ресми тұлғалар бұл екі ауылға байланысты Ресейдің мәлімдемесіне тоқталмады, бірақ президент Владимир Зеленский Донецк облысындағы Добропилля қалашығы маңында Киевтің қарсы шабуыл операциясының алға басып келе жатқанын атап өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеудің Донецк бағытында батысқа қарай ілгерілеуінде басты нысаналардың бірі саналатын Славянск қаласының солтүстік-шығысында орналасқан Шандриголове мен Заричне елді мекендерінің Ресейдің бақылауына өткенін мәлімдеді.

Кейін министрлік қосымша мәлімдеме таратып, Қорғаныс министрі Андрей Белоусов Заричненің (Кеңес дәуірінде Кировск аталған) алынуына себеп болған «қайсар әрі шешімді» іс-қимылдары үшін әскери бөлімшені құттықтағанын жеткізді.

Ресей Қорғаныс министрлігі жариялаған бейнежазбада Ресей әскерінің ғимараттан ғимаратқа ілгерілеп, Шандриголовенің бақылауын алған кезде Ресей туын желбіреткені көрінеді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді