САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сауд Арабиясы мен АҚШ қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
Сауд Арабиясы мен АҚШ қорғаныс министрлері аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Сауд Арабиясы мен АҚШ қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
Хоуситтер (Мұрағаттық сурет)

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид бен Салман америкалық әріптесі Пит Хегсетпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты қорғаныс саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Йемендегі хоуситтердің Сауд Арабиясына қарсы жалғасып жатқан шабуылдарын қоса алғанда аймақтағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтың күшеюі талқыланды.

Бен Салман екі тараптың стратегиялық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық пен Эр-Рияд және Вашингтон арасындағы бірлескен қауіпсіздік тетіктерін қарастырғанын мәлімдеді.

“Х” әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасаған Бен Салман: «Сонымен қатар аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған күш-жігерді және хоуситтердің Сауд Арабиясына қарсы жалғасып жатқан террорлық шабуылдары, өңірлік және жаһандық оқиғаларды талқыладық», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды

Аталған телефон арқылы сөйлесу хоуситтер мен Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкіметін қолдайтын Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция арасындағы қақтығыстар қайта өршіген кезеңде өтті.

Хоуситтер 2014 жылдың соңында Йемен астанасы Сана мен оның айналасындағы провинцияларды басып алғаннан кейін Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айынан бері осы қарулы топқа қарсы құрылған аймақтық әскери коалицияны басқарып келеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні өтетін аралық сайлаудан кейін Иранға қарсы жаңа әскери шабуыл жасалу ықтималдығы төмен екенін айтып, дипломатиялық күш-жігердің нәтижелі жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.

Ал Йемен армиясы «Йемен таңы» операциясы аясында соңғы 24 сағат ішінде хоусит жасақтары мен олардың позицияларына қарсы 951 әскери операция жүргізгенін хабарлады.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті