САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Бельгия министрі Мәскеуді «картадан жоямыз» деп қорқытты
Тео Франкен Ресей тарапынан Брюссельге бағытталған кез келген зымыран шабуылы НАТО-ның қатаң жауабына себеп болатынын айтты.
Бельгия министрі Мәскеуді «картадан жоямыз» деп қорқытты
Бельгия министрі Мәскеуді «картадан жоямыз» деп қорқытты / AP Archive

Бельгияның Қорғаныс министрі Тео Франкен Ресейге қатаң ескерту жасап, Брюссельге бағытталған кез келген зымыран шабуылы НАТО-ның қарсы әрекетін туғызатынын айтты.

Франкен дүйсенбі күні «De Morgen» газетіне берген сұхбатында: «Егер (Ресей президенті Владимир) Путин Брюссельге зымыранмен шабуылдайтын болса, біз Мәскеуді картадан жоямыз», – деп мәлімдеп, НАТО-ның ұжымдық қорғаныс міндеттемесін атап өтті.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың, әсіресе президент Дональд Трамп әкімшілігі кезінде НАТО-ға адалдығына күмән келтірген пікірлерді сынға алып, «Еуропада АҚШ үкіметіне қарсы қате көзқарас қалыптасқан. Бұл сенгісіз жағдай. Трамп Америка Құрама Штаттарының НАТО одақтастарын жүз пайыз қолдауды жалғастыратынын анық айтты. Брюссельге бір қанатты зымыран ба? Бұл қандай анықтаманы қолдансаңыз да, айқын агрессия болар еді. Путин де бұған бармайды», – деді.

Сонымен қатар Франкен Ресейдің әскери әлеуетін төмен бағаламауға шақырып, «Ресей өз әскери қуатын арттырды. Олардың соғыс экономикасы бүкіл НАТО елдерінің жалпы өндірісінен төрт есе көп оқ-дәрі шығарады. Еуропаның біріккен орталық қолбасшылығы да жоқ», – деп ескертті.

Ресейдің Украинадағы соғысына тоқталып, «Себебі олар бүкіл Батысқа қарсы соғысып жатыр. Украиналықтар біздің қаруымызбен, оқ-дәрімізбен және қаржымызбен шайқасуда. Әйтпесе әлдеқашан талқандалар еді», – деді.

Қытай соғыстың жалғасқанын қалайды

Франкен алдағы кезеңге көз жүгірте отырып, Қытай мен Ресейдің батысқа қарсы ықтимал қарсыласу қаупін де атап өтіп, «Қытай Украинадағы соғыстың ұзаққа созылғанын қалайды, себебі бұл батысты әлсіретеді. Олар Ресейдің шикізатын жаппай сатып алып, қару жеткізіп отыр және Путиннің Солтүстік Корея сарбаздарын орналастыруына разы», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Қытай Ресеймен қарым-қатынасына жоғары баға береді

Соңында Бельгия Қорғаныс министрі Балтық елдеріне ірі ресейлік шабуылдың ықтималдығы төмен екенін айтып, «Себебі олар НАТО мүшелері. Жақында Еуропада 600 «F-35» ұшағымыз болады. Ресей олардан қорқады», – деп түйіндеді.

 

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады