САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Қытай Ресеймен қарым-қатынасына жоғары баға береді
Бейжің үкіметі Мәскеумен қарым-қатынасын "стратегиялық жағынан ең құндысы" деп сипаттады.
Қытай Ресеймен қарым-қатынасына жоғары баға береді
/ Reuters
 

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Ресей Сыртқы істер министрімен кездесуінде Мәскеумен арадағы қарым-қатынастарды жоғары бағалады. Бұл кездесу Украинадағы соғыс және АҚШ-пен шиеленіскен байланыстар аясында өтті.

Ресейдің жоғары дәрежелі дипломаты Сергей Лавров Солтүстік Кореяға сапарынан кейін Бейжіңге барды. Солтүстік Корея сапарында ол Мәскеуге Украинадағы қақтығыста қолдау көрсетілетіні туралы кепілдік алды.

Жексенбі күні Ван И Лавровқа: «Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынас бүгінгі әлемдегі ірі державалар арасындағы ең тұрақты, ең жетілген және ең стратегиялық құнды қарым-қатынас болып табылады», – деді.

«Қазіргі басты назар – жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету, әр тараптың дамуы мен жаңғыруын ілгерілету және өзгермелі әрі тұрақсыз әлемнің әкелген қиындықтарына бірлесіп жауап беру», – деді Ван.

Екі министр Корей түбегі, Украина дағдарысы, Иранның ядролық мәселесі және басқа да тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Қытай тарапы Вашингтонмен байланыстар туралы ештеңе айтпаса да, Мәскеу бұл мәселе де күн тәртібінде болғанын мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Лавров пен Ванның басқа да «өзекті мәселелерді», соның ішінде Газадағы Израиль соғысын талқылағанын хабарлады.

Іздеу
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті