ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украина Ресейдің әскери кемелеріне соққы берді
Екі ел арасында жалғасып жатқан дрон шабуылдарынан Украинада үш адам, ал Мәскеу маңында бір адам қаза тапты.
Украина Ресейдің әскери кемелеріне соққы берді
Киев қаласында жарылыс. Киев, 2- мамыр 2026 жыл. / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Украина күштері Ресейдің Қаратеңіздегі Новороссийск портының су айдынына екі «көлеңкелі флот танкеріне» шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Зеленский жексенбі күні Telegram желісінде «Бұл танкерлер мұнай тасымалдау үшін белсенді түрде пайдаланылып келген, енді пайдаланылмайды», – деп жазды.

Жергілікті губернатор Александр Дрозденко Telegram-да Украина дрондарының Ресейдің Балтық теңізіндегі Приморск портына да шабуыл жасағанын хабарлады.

Дрозденко Ресейдің солтүстік-батысындағы Ленинград облысының үстінде түн ішінде 60-тан астам дронның атып түсірілгенін айтты.

Ірі мұнай экспорттау нүктесі саналатын Приморскке жасалған шабуылдан кейін мұнай төгілмегенін және өрттің сөндірілгенін қосты.

Ресейдің дрон шабуылдары Украина бойынша үш адамның өліміне әкелсе, Украина шабуылдары Мәскеу маңында бір адамның қаза табуына себеп болды.

Аймақ губернаторы Олег Кипер әлеуметтік желіде Ресейдің оңтүстіктегі Одесса облысына жасаған шабуылдары екі адамның өліміне әкелгенін, қаза тапқандардың арасында порттағы жүк көлігі жүргізушісі де болғанын мәлімдеді.

Төтенше жағдай қызметтері шабуылдардан кейін өрт сөндірушілердің фотосуреттерін жариялады.

Билік өкілдері оңтүстік Украинадағы майдан аймағы Херсонға бағытталған Ресей шабуылдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Киевтің әуе күштері Ресейдің түнгі шабуылында 268 дрон мен бір баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді.

Мәскеудің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Украина әскері Ресейге кемінде 334 дрон ұшырған.

Киевтің хабарлауынша, солтүстік-батыстағы Ленинград облысында соңғы апталарда ондағы мұнай экспорт терминалы бірнеше рет соққыға ұшырап, миллиардтаған долларлық экспортқа кедергі келтіріліген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді