ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
Киевтегі шамамен 400 тұрғын үй блогында бірнеше күннен бері жылу жоқ екені хабарланды.
Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
Ресейдің Украинаның энергетикалық нысандарына жасаған тұрақты әуе шабуылдарынан кейін төтенше қызмет орнатқан генераторлар. / AP

Зеленский Украинаның энергетика секторында «төтенше жағдай» жариялауды жоспарлап отыр.

Мәскеу соңғы уақытта Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы шабуыл жасап, электр энергиясы мен жылумен қамтуда үзілістерге себеп болуда.

Украина президенті Владимир Зеленский қақаған қысқы аяз кезінде жылу мен электр энергиясын қамтамасыз ету нысандарына Ресей тарапынан жасалып жатқан үздіксіз шабуылдардан кейін энергетика секторында «төтенше жағдай» жарияланатынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей зымырандары Украинадағы тұрғын үйлерді нысанаға алды

Мәскеу соңғы айларда Украинаны күн сайын ұшқышсыз аппараттар және зымырандармен атқылап, энергетикалық инфрақұрылымды нысанаға алды. Бұның салдарынан қыс мезгілінде электр мен жылыту жүйелері жиі істен шығуда.

Зеленский сәрсенбі күні жағдайға арналған кеңестен кейін жасаған мәлімдемесінде:
«Киев қаласындағы ахуалды басқару үшін тұрақты үйлестіру орталығы құрылады. Жалпы алғанда Украинаның энергетика секторы үшін төтенше жағдай жарияланады», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: “Украина Еуропаның қолдауына мұқтаж”

Украина басшысы сондай-ақ үкіметке одақтастардан көмек алу, резервтік энергия көздерін пайдалануды жеңілдету және коменданттық сағат ережелерін қайта қарау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырғанын айтты.

«Украинаға электр энергиясын импорттау көлемін едәуір арттыру бойынша да жұмыстар жалғасуда», – деп қосты Зеленский.

Киев мэрі Виталий Кличко жұма күні Ресейдің ауқымды зымыран шабуылы салдарынан астананың жартысы жылу мен электр энергиясынсыз қалғанын айтып, Киевтегі шамамен 400 тұрғын үй блогында бірнеше күннен бері жылу жоқ екенін мәлімдеді.

Мэр әлеуметтік желідегі жазбасында:
«Киевтегі жағдай өте ауыр. Мұндай ауқымдағы мәселе төрт жылға созылған бұл ірі соғыс барысында алғаш рет болып отыр», – деді.

Киевте түнгі уақытта ауа температурасы –15°C-тан төмендейді деп күтілуде.

Кличконың айтуынша, «Қала тұрғындары қазір шамамен үш сағаттан он сағатқа дейін, ал кейбір аудандарда одан да ұзақ уақыт электр энергиясынсыз қалып отыр».

ҚатыстыTRT Қазақ - «Ресей Украинадағы «әділетті соғыста» басымдыққа ие»
Іздеу
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"