ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Сомали президенттері энергия саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік мәселелерді талқылады
Президент Ердоған Стамбулда Шейх Мұхаммедпен кездесу барысында Сомали жағалауындағы бұрғылау операциялары артып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін айтып, Сомалидің егемендігін қолдайтынын мәлімдеді.
Түркия мен Сомали президенттері энергия саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік мәселелерді талқылады
Түркия мен Сомали президенттері энергия саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік мәселелерді талқылады / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Стамбулда Сомали президенті Хасан Шейх Мұхаммедпен кездесті. Екі көшбасшы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылады.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы «Nsosyal» платформасында кездесудің Долмабахче Президенттік кеңсесінде өткенін хабарлады.

Ердоған Анкараның сауда мен энергетика салаларында Сомалимен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған қадамдарды жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ Түркияның «Чагры Бей» бұрғылау кемесінің Сомали жағалауында жұмысын бастауы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады

Президент бұдан бөлек Анкараның Сомалидің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын қайталады және Сомали мен Эфиопия арасындағы келіспеушіліктерді толық шешуге бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыратынын жеткізді.

Кездесуге Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран, Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесші Акиф Чагатай Кылыч және аға кеңесші Зафер Чубукчу қатысты.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді