ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Испания: «Трампқа жүгіну пайдасыз»
Испанияның Мәдениет министрі Эрнест Уртаcун Еуропалық Одақ ішінде АҚШ президенті Дональд Трампқа жүгіну пайдасыз деген пікірдің артқанын айтты.
Испания: «Трампқа жүгіну пайдасыз»
Испания: «Трампқа жүгіну пайдасыз» / AFP

Уртаcун бейсенбі күні «Channel 4» арнасына берген сұхбатында Еуропалық Одақта АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдарына байланысты Трампты үндеуге шақырудың пайдасы жоқ деген көзқарастың артқанын атап өтті.

Ол: «Менің ойымша, ЕО деңгейінде Дональд Трампты үндеуге шақырудың пайдасы жоқ деген көзқарас артты. Яғни бұл мәселе аяқталды», - деді.

Уртаcун сондай-ақ «Дональд Трамп үшін өздерінің құндылықтары мен мүдделерін екінші орынға қоюға келісе алмайтындарын баса айтты.

Мадридтің Вашингтонның Иранға қарсы шабуылына неге қарсы шыққаны туралы сұраққа жауап берген министр: «Халықаралық құқық пен көпжақты ынтымақтастықты қолдайтын демократиялық елдер қазір өз ұстанымын білдіруі керек деп ойлаймын. Басқа таңдау жоқ», - деді.

Ол халықаралық құқықтың бірнеше рет бұзылуы мен оның ескерусіз қалуына үнсіз келісу «XXI ғасырда қандай әлем құрып жатырмыз?» деген сұрақ туындататынын да атап өтті.

Уртаcун: «Біз соғысқа жол жоқ» деп айтуымыз керек. Тоқтатуымыз керек», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»

Сонымен қатар ол Испанияның Вашингтонның сауда санкциялары туралы қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын айтып, мұндай қауіпті қабылдаудың өте қиын екенін жеткізді.

Министрдің айтуынша, Испания үкіметінің басты мақсаты ˗ әскери әрекеттерді тоқтатып, шиеленісті азайту және келіссөздер мен диалогты қайта бастау.

Бұл мәлімдеме Вашингтон Испанияға толық сауда эмбаргосын енгізуі мүмкін деген ескертулерден кейін жасалды. Испания үкіметі АҚШ әскерінің Иранға қарсы шабуылдары үшін елдегі әскери базаларды пайдалануына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін екі ел арасындағы шиеленіс күшейген.

 

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді