ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Киев Ресейдің ауқымды шабуылына ұшырап жатыр
Киев әскери әкімшілігінің басшысы қаланың бірнеше ауданындағы ғимараттарға ұшқышсыз ұшу аппараттарының сынықтары түскенін мәлімдеді.
Киев Ресейдің ауқымды шабуылына ұшырап жатыр
Ресейдің дрон шабуылы кезінде Киев метросында паналап жатқан адамдар. / Reuters

Шенеуніктердің айтуынша, Украинаның астанасы Киев Ресейдің дрондары мен зымырандарының ауқымды шабуылына ұшырап жатыр.

Астана әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко бейсенбі күні құлаған дрон сынықтары қаланың түрлі аудандарындағы ғимараттарға, соның ішінде тұрғын үйлерге тигенін айтты.

Киев мэрі Виталий Кличко да астананың Ресейдің қарқынды шабуылы астында екенін айтып, “Telegram” желісінде: «Жау Киевке дрондар мен баллистикалық зымырандармен шабуыл жасап жатыр», - деп жазды. Ол сондай-ақ қаланың «жаудың жаппай шабуылы астында» екенін жеткізді.

Кличконың айтуынша, бейсенбі күнгі шабуылдар бес қабатты тұрғын үйге зақым келтіріп, тұрақта тұрған көліктің өртенуіне себеп болған.

Ресми емес “Telegram” арналары көпқабатты тұрғын үйлердің кей бөліктері өртеніп жатқанын көрсететін видеолар жариялады. Алайда қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Украина Әуе күштері Ресей зымырандарының елдің басқа аймақтарын да нысанаға алғанын хабарлады. Атап айтқанда, солтүстіктегі Харьков, Сумы және Чернигов облыстары, сондай-ақ орталықтағы Полтава өңірі шабуылға ұшыраған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді