САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Нетаньяху Иранға қарсы соғыстың тоқтамайтынын мәлімдеді
Беньямин Нетаньяху Иранның байытылған уран қоры толықтай жойылмайынша, бұл елмен қақтығыс жалғаса беретінін мәлімдеді.
Нетаньяху Иранға қарсы соғыстың тоқтамайтынын мәлімдеді
Нетаньяху Иранға қарсы соғыстың тоқтамайтынын мәлімдеді / Reuters

Нетаньяху жексенбі күні «CBS News» арнасына берген сұхбатында: «Біздің қол жеткізген нәтижелеріміз аз емес. Алайда Иранда шығарылуы немесе жойылуы тиіс ядролық материал яғни байытылған уран әлі де бар. Сондықтан бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ», - деді.

Нетаньяхудың айтуынша, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыстағы негізгі мақсаттарының бірі — уран байыту инфрақұрылымын толық жою, сондай-ақ Иранның зымыран бағдарламасы мен өңірдегі сенімді күш желілерін қайта қалпына келтіруіне жол бермеу.

Нетаньяху әскери жоспар туралы айтудан бас тартып, байытылған уран қорына қатысты: «Оған кіріп, толықтай жоясыздар», - деді.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Нетаньяхуға байытылған уран қоры мәселесінде ешқандай ымыраға жол берілмейтініне кепілдік берген.

АҚШ тарапынан көрсетілетін көмекті қайта қарау

Нетаньяху сондай-ақ Израильдің қазіргі кезде жыл сайын 3,8 миллиард доллар көлемінде АҚШ-тан  алатын әскери көмекке тәуелділігін біртіндеп тоқтатуды қалайтынын жеткізді.

«Әскери тәуелділіктен арылып, көмектен стратегиялық әріптестікке көшетін уақыт келді деп ойлаймын», - деген Нетаньяху бұл үшін он жылдық жоспар ұсынды.

Нетаньяху: «Қытай Иранның зымыран өндірісіне белгілі бір деңгейде қолдау көрсетіп отыр»,- деп мәлімдеп, әлеуметтік желінің ықпалына байланысты АҚШ-та Израильге деген қолдаудың әлсіреуіне алаңдаушылық білдірді.

Ал Иран жексенбі күні АҚШ-тың соңғы бейбітшілік жоспарына берген жауабында Вашингтоннан өтемақы талап етіп, Ормуз бұғазына қатысты егемендік құқығын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Тегеран мен Вашингтон келісімге келе алмады

Тегеран өз жауабында АҚШ-тың ұсынысын «Иран халқының негізгі құқықтарын елемейтін шектен тыс талаптар» деп сипаттады.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты