САЯСАТ
2 ... минут оқылды
«Иранға қарсы соғыс жоспарланған қарқынмен жүрмей жатыр»
Израильдің мемлекеттік телерадио корпорациясы «KAN» таратқан хабарға сәйкес, израильдік шенеуніктер соғыстың мақсаттары қайта қаралуы мүмкін екенін айтты.
«Иранға қарсы соғыс жоспарланған қарқынмен жүрмей жатыр»
«Иранға қарсы соғыс жоспарланған қарқынмен жүрмей жатыр» / AP

Израильдің қауіпсіздік дереккөздері Иранға қарсы жүргізіліп жатқан соғыс Израиль әскери операцияның басында жоспарлаған қарқынмен жүріп жатпағанын мәлімдеді.

«KAN»-ның мәліметінше, аты-жөні жарияланбаған қауіпсіздік өкілдері жексенбі күні 28 ақпанда жасалған алғашқы соққы сәтті болғанын, алайда кейінгі әскери әрекеттердің жоспарланған жылдамдықпен жалғаспағанын айтты.

Дереккөздер соғыстың стратегиялық мақсаттарын қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін екенін де атап өтті.

Сонымен қатар Израиль үшін басты қиындықтардың бірі – болжамдардың  жүзеге аспағаны. Кейбір болжамдар бойынша, соғыс кезінде Иран халқы жаппай көшеге шығып, үкіметке қарсы наразылық білдіреді деп күтілген еді.

АҚШ пен Израиль алдағы уақытта соғыстың барысына ықпал етуі мүмкін қосымша шараларды қарастырып жатыр.

Бұған дейін Израиль армиясы соғыстың алғашқы күндерінде әуе күштерінің негізгі мақсаттарының бірі Иран әуе кеңістігінде үстемдік орнату болғанын мәлімдеді.

Армия өкілдерінің айтуынша, шабуыл барысында Иранның қауіпсіздік және әскери құрылымдарына қатысты шамамен 2200 нысана атқыланды. Олардың қатарында Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандары, сондай-ақ үкіметтік және қауіпсіздік мекемелері бар.

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен шабуылдарын жалғастыруда. Бұл шабуылдар салдарынан 1300 адам қаза тапты. Олардың арасында Иранның бұрынғы рухани көсемі Әли Хаменей де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран Израиль, Иордания, Ирак және Парсы шығанағы елдеріне ұшқышсыз ұшу аппараты және зымырандар арқылы соққы берді. Тегеран бұл шабуылдардың АҚШ-тың әскери нысандарына бағытталғанын, олардың адам шығынына, кейбір азаматтық инфрақұрылымның зақымдануына және әлемдік нарық пен авиация саласына әсер еткенін мәлімдеді.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады