САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты
Тегеран билігі Хаменеидің қаза тапқанын растап, кек алуға ант берді.
Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты
Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты / Reuters

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары рухани көсем Әли Хаменеидің Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан қаза тапқанын жариялады. Мәлімдемеден кейін Төңкеріс сақшылары корпусы кек алуға шақырды.

Мемлекеттік телеарна 1989 жылдан бері билікте болған 86 жастағы Хаменеидің өлімінен кейін елде 40 күндік аза тұту және жеті күндік ресми демалыс жарияланғанын хабарлады. Телерадио хабарларын тарату кезінде жүргізуші «Рухани көсем шейіт болғанымен оның жолы мен миссиясы жоғалмайды және ұмытылмайды, керісінше одан да үлкен табандылықпен және жігермен жалғасады», — деді.

Иран Төңкеріс сақшылары корпусы Хаменеидің «қанішерлері» жазаланатынын білдірді. Мәлімдемеде «Иран халқының кегі ауыр болады», — деп айтылған.

Иран БАҚ-тары шабуыл кезінде рухани көсемнің қызы, күйеу баласы және немересінің де қаза тапқанын хабарлады. “Fars” ақпарат агенттігі мен басқа да медиа құрылымдар отбасы мүшелерінің қазасын сенімді дереккөздер растағанын білдірді.

Трамп: «Бұл тек Иран халқы үшін емес, Хаменеи мен оның тобы өлтірген немесе мүгедек еткен американдықтар мен әлемнің көптеген елінің адамдары үшін де әділдік», — деді. Нетаньяху болса жариялаған бейнеүндеуінде «Бүгін таңертең ұйымдастырған қуатты әрі кенеттен жасалған шабуылымызбен тиран Хаменеидің резиденциясын жойдық», — деп мәлімдеді.

Шабуыл жақындарымен кездесу кезінде жасалды

АҚШ-тың екі дереккөзі мен бір ресми өкілінің айтуынша, Израиль мен АҚШ сенбі күнгі шабуылды Хаменеидің жоғары лауазымды көмекшілерімен өткізген жиналысына тұспа-тұс келетіндей етіп жоспарлаған. Израиль Хаменеиден бөлек, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Шамхани мен Төңкеріс сақшылары корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпурдың да өлтірілгенін алға тартты.

Ирандық екі дереккөз “Reuters” агенттігіне Хаменеидің шабуылдан аз уақыт бұрын Шамханимен және Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен қауіпсіз жерде кездескенін айтты. Израильдік жоғары лауазымды шенеунік Хаменеидің мәйіті табылғанын мәлімдеді.

Трамп “Truth Social” парақшасында Иран көсемінің қозғалысын барлау қызметі анықтағаннан кейін өлтірілгенін айтты. «Ол біздің барлау қызметіміз бен өте жетілдірілген бақылау жүйелерімізден қашып құтыла алмады. Біз Израильмен тығыз жұмыс істедік, оның немесе онымен бірге өлтірілген басқа жетекшілердің жасай алатын ешқандай амалы қалмады», — деді.

Атын атамауды өтінген АҚШ дереккөздері жиналыс туралы ақпараттың расталуы әуе және теңіз операциясының басталуына түрткі болғанын жеткізді. АҚШ шенеунігі кенеттен соққы беру әсерін сақтау үшін шабуылдың ең алдымен Хаменеиді нысанаға алғанын, әйтпесе Иран көсемінің жасырынып қалуы мүмкін екенін ескергендерін айтты.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді