САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ким Чен Ын партияның Бас хатшысы ретінде қайта сайланды
Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары экономика, қорғаныс және дипломатия салалында алдағы бес жылға арналған жаңа саясаттық мақсаттар айқындалғанын хабарлады.
Ким Чен Ын партияның Бас хатшысы ретінде қайта сайланды
Ким Чен Ын партияның Бас хатшысы ретінде қайта сайланды / AFP

Мемлекеттік БАҚ мәліметінше, Солтүстік Кореяның биліктегі партиясы өтіп жатқан партия съезі барысында Ким Чен Ынды Бас хатшы қызметіне қайта сайлады.

Ресми Корея Орталық ақпарат агенттігі  (KCNA) хабарлағандай, Ким Чен Ын Пхеньянда бейсенбі күні ашылған Корея Еңбек партиясының тоғызыншы съезінде қайта сайланған. Әр бес жыл сайын өтетін съезге 5 мың партия делегаты қатысуда.

“KCNA” жексенбі күні қабылданған шешімге сілтеме жасап, «Корея Еңбек партиясының Тоғызыншы съезі барлық делегаттардың, миллиондаған партия мүшелерінің, халық пен Халық армиясы жеке құрамының партияның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі жолындағы мызғымас ерік-жігері мен бірауызды қалауына сәйкес, Ким Чен Ынды партияның Бас хатшысы ретінде сайлау туралы шешім қабылдайды» деп хабарлады.

Съезде сөз сөйлеген партия хатшысы Ри Иль Хван: «Біздің ісіміздегі ұлы өзгерістер бағытын серпінді траекторияға шығарып, оны кідіріссіз тұрақты өрлеуге бағыттай алатын жалғыз тұлға — Ким Чен Ын», — деді. Ол сондай-ақ елдің санкцияларға қарсы тұрып, қарсыластары мойындаған «үрейлі» күшке айналғанын айтты.

Жексенбі күнгі отырыста WPK Орталық комитетінің мүшелері мен кандидат мүшелері де сайланды. Таңдалғандардың қатарында Ким Чен Ын, Пак Тхэ Сон, Чо Ён Вон және Ри Иль Хван бар.

Съезд бұрын жоғары лауазымды әскери жетекші болған, 76 жастағы парламент төрағасы Чхве Рён Хэні және өзге де жоғары қызметтегі тұлғаларды партия Орталық комитеті мүшелерінің тізімінен шығарды. Бұл басшылық құрамдағы ірі буын алмасуын көрсетеді.

Жексенбідегі жиында партияның жаңартылған ережелері де қабылданды, алайда нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Съезд соңында партияның алдағы бес жылға арналған экономика, қорғаныс және дипломатия салаларын қамтитын жаңа саясаттық бағыттарын айқындайтын шешім қабылдануы күтілуде.

Съезд — Солтүстік Кореядағы ең жоғары шешім қабылдайтын органы.

ҚатыстыTRT Қазақ - Солтүстік Корея екі «жаңа» әуе қорғаныс зымыранын сынақтан өткізді
ҚатыстыTRT Қазақ - Солтүстік Корея қару-жарақ сынақтарын жалғастыруда
Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады