ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Солтүстік Корея қару-жарақ сынақтарын жалғастыруда
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын билік басындағы партияның съезінде елдің шабуыл мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған келесі кезең жоспарлары жарияланатынын мәлімдеді.
Солтүстік Корея қару-жарақ сынақтарын жалғастыруда
Солтүстік Кореяның қару сынақтары Корей түбегіндегі шиеленісті арттырып келеді. / Reuters

Солтүстік Корея алып калибрлі көп оқпанды реактивті зымыран жүйесіне қатысты сынақ атуларын сәтті өткізгенін растады. Ел басшысы Ким Чен Ын мемлекеттің ядролық тежеу әлеуеті мен шабуыл қуатын одан әрі арттыруға уәде берді.

Мемлекеттік “KCNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сынақ сейсенбі күні Солтүстік Корея Зымыран басқармасы тарапынан ұшыру жүйесіне енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін тексеру мақсатында өткізілген. Сынақ атуларын Ким Чен Ын жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен жеке өзі бақылаған.

“KCNA” дерегіне сәйкес, сынақ барысында атылған төрт зымыран ұшыру нүктесінен шамамен 358 шақырым қашықтықтағы теңіздегі нысананы дәл көздеп соққан.

«Аса маңызды мәнге ие»

Жаңартулар жүйенің соққы қуатын ең жоғары деңгейге жеткізгенін айтқан Ким бұл сынақ Солтүстік Кореяның стратегиялық тежеу қабілетін күшейту тұрғысынан «аса маңызды» екенін атап өтті.

«Кем дегенде бірнеше жыл бойы басқа бірде-бір ел бұл технологияға қол жеткізе алмайтынына немесе мұндай мүмкіндікті иелене алмайтынына сенімдімін», - деді Ким.
Ол сондай-ақ: «Бұл нәтижелер Пхеньянмен әскери қақтығысқа ұмтылған күштер үшін елеулі қауіп төндіреді», - деп қосты.

Солтүстік Кореяның қару-жарақ сынақтарының кеңеюі Корей түбегіндегі шиеленісті одан әрі күшейтіп, АҚШ пен оның одақтастарының алаңдаушылығын туғызып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Оңтүстік Корея Жапониямен бірлескен оқу-жаттығуларды тоқтатты
Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді