САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Израиль үздіксіз соғыс жағдайында көршілес елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды»
Франция Президенті Таяу Шығыстың бейбітшілікті қажет ететінін атап өтіп, Газа жөнінде жоспар жасауға шақырды. Сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ескерту жасады.
«Израиль үздіксіз соғыс жағдайында көршілес елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды»
Франция Президенті Эммануэль Макрон Израильден соғысты тоқтатуды талап етті. / AP

Франция Президенті Эммануэль Макрон Израильдің үздіксіз соғыс жағдайында көршілес елдердің қауіпсіздігі мен  тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеді. Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Макрон Таяу Шығыстағы бейбітшіліктің маңыздылығына тоқталып, Палестина, Ливан және өзге де елдермен болған қақтығыстардың тұрақсыздықты күшейтіп отырғанын атап өтті.

Ол: «Көршілерімен үздіксіз соғыс жағдайындағы Израиль үшін қауіпсіздік те, тұрақтылық та мүмкін емес», – деді.

Макрон сейсенбі күні Газадағы қырғынды тоқтату және екі мемлекет негізіндегі шешімді қорғау үшін жоспар қабылданғанын жеткізді.
Франция және Сауд Арабиясының бастамасымен бейбітшілікті ілгерілету мақсатында дайындалған
«Нью-Йорк декларациясына» БҰҰ-ның 142 мүшесі қол қойғанын қуанышпен атап өтті.

Аймақтық қауіпсіздік

Макрон Сирияға қатысты мәлімдемесінде Асад режимі құлағаннан кейін елдің бірлігі мен егемендігін қайта қалпына келтіруі қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол Францияның Сирияның азаматтық қоғамының барлық құрамдас бөлігіне құрметпен қарайтын саяси өтпелі кезеңді қолдайтынын жеткізіп, тұрақтылықты қайта орнатудың және ел егемендігін қайтарудың жалғыз жолы инклюзивті басқару екенін атап өтті.

Иранның ядролық бағдарламасы толық бақылауға алынбаған жағдайда аймақтық тұрақтылыққа қауіп төнетінін ескертті.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады