ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада 650 мыңнан астам бала мектепке бара алмай отыр
БҰҰ-ның Босқындарға көмек көрсету агенттігі (UNRWA) Израильдің екі жылға созылған соғысынан кейін Газадағы балалар үшін білімнің емдік әсері бар екенін атап өтті.
Газада 650 мыңнан астам бала мектепке бара алмай отыр
Газада 650 мыңнан астам бала мектепке бара алмай отыр / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігі бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Газада 650 мыңнан астам баланың қатарынан үш жыл бойы мектептен тыс қалып отырғанын хабарлады.

Агенттік «X» платформасында жариялаған жазбасында: «Газадағы балалар үш жыл қатарынан мектепке бара алмай отыр. Шамамен 660 мың ер бала мен қыз бала үшін мектепке оралу - тек оқу үдерісі ғана емес, сонымен бірге терең психологиялық жарақаттың жақсаруын білдіреді», - деп атап өтті.

Агенттік Газадағы ең ірі гуманитарлық ұйым ретінде бұл балаларға қолдау көрсетуге дайын екенін де мәлімдеді.

Агенттіктің сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Тамара Альрифаи: «Агенттік үшін басты басымдық - балалардың мектепке қайта оралуы мен оқуын жалғастыруы»,-деді. Израильдің 2023 жылдың қазан айынан бері жалғастырып келе жатқан шабуылдары нәтижесінде 68 мың палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Газа аймағы өмір сүруге жарамсыз жағдайда.

БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының дерегінше, шабуылдар Газадағы мектеп ғимараттарының 97 пайызын толықтай немесе жартылай жойған.

Өткен апта Израиль мен Хамас АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған жоспар негізінде бітім келісіміне қол жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды

Жоспардың бірінші кезеңі тұтқын алмасуды қамтиды. Сонымен қатар жоспар Газа қаласын қайта қалпына келтіруді және ХАМАС-сыз жаңа басқару құрылымын қалыптастыруды көздейді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті