САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Песков Мәскеуде журналистерге күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
(МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ) Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей президенті әкімшілігінің Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина дағдарысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздерге ашық екенін мәлімдеп, «Ресей (Украинаға қатысты) мақсатына бейбіт жолмен жетуді жөн көреді», - деді.

Песков Мәскеуде журналистерге күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Будановтың «Ресей мен Украина делегациялары қыркүйекте кездесуі мүмкін» деген мәлімдемесіне түсініктеме берген Песков бұл туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Песков: «Америкалықтармен (Украина мәселесі бойынша) жұмыс деңгейіндегі байланыстар жалғасып жатыр. Әрине, біз бейбіт келіссөздерге ашықпыз», - деді.

Ресейдің болашақта НАТО-ға мүше елдердің біріне шектеулі шабуыл жасауы мүмкін деген мәлімдемелерге қатысты Песков:

«Мұның шындыққа да, Ресейдің ниетіне де еш қатысы жоқ. Ресей (Украинаға қатысты) мақсатына бейбіт жолмен жетуді жөн көреді. Алайда әзірге бұл мүмкін болмағандықтан, (Украинадағы) арнайы әскери операция жалғасып жатыр. Ресей мұны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүдделерін қорғау үшін жасап отыр. Сонымен қатар Ресей Еуропа елдерінің агрессивті саясатына тап болып отыр», - деді.

Песков Еуропаның бұғатталған ресейлік активтерді Украина үшін пайдалануы заңсыз екенін атап өтіп, бұған қарсы шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”