АҚШ өкілі Джаред Кушнер Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен кездесулерден кейін екі тараптың келіссөздердің келесі кезеңдеріне еуропалық одақтастарды қатысуы жөнінде ортақ келісімге келгенін хабарлады.
Президент Трамптың бейбітшілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткоффпен бірге Мәскеуде Путинмен, ал Дублинде Зеленскиймен кездескен Кушнер келіссөздерден кейін “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.
Кушнер мәлімдемесінде: «Қазір екі тарап та (Ресей мен Украина) келіссөздердің келесі кезеңіне еуропалық серіктестеріміздің қатысуы жөнінде келісімге келді», – деді.
Кушнер еуропалықтардың келіссөздерге қатысуы Украина мен Ресей арасындағы аумақтық мәселелерді, сондай-ақ соғыстан кейінгі Еуропадағы кең ауқымды қауіпсіздік шараларын талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қақтығыстарды біржола тоқтату үшін болашақта қақтығыстардың туындау қаупін азайтатын сенімді қауіпсіздік кепілдіктері, қақтығыстардың алдын алу тетіктері және шиеленісті өзара төмендету жөніндегі міндеттемелер қажет», – деді Кушнер.




















